Abstract
Мақалада қаржылық есептілік халықаралық стандарттарының есеп жүйесін стандартизациялау жəне үйлестіру маңызды элементі ретінде орны мен маңызы қарастырылады.Үйлестіру əр елдің бухгалтерлік есеп стандарттарының қоғамдастыққа мүше елдердегі ұқсас стандарттарға сəйкес келүін, яғни бір-біріне қатысты «үйлесімділікті» білдіреді. Бухгалтерлік есеп процедураларын стандарттау деп кез-келген елде қолданатын стандарттардың бірыңғай жиынтығын жасау танылады, оның нəтежесінде ұлттық стандарттарды құрудың қажеті жойылады. Зерттеу барысында заманауи ұйымдардағы есеп қызметін стандарттау жолымен қаржылық есептілікті үйлестірудің қазіргі жай-күйі, қорытындылары мен перспективалары танылды; отандық ұйымдардың қазіргі кезеңдегі қаржылық есептілігін үйлестірудің проблемалары мен оларды шешу жолдары анықталды. Зерттеудің нəтижесінде алынған қорытындылар отандық кəсіпорындардағы қаржылық есептілікті үйлестіру кезінде туындайтын мəселелерді анықтап, оларды шешу тəжірибесінде қолданылуы мүмкін.