Abstract
Қазіргітаңда елдегі білім беру жүйесінің алдында орта мектеп оқушыларының педагогикалық мамандыққа деген ынта-қызығушылығын арттыру және педагогикалық мамандықтарға неғұрлым ынталы және дайындалған талапкерлерді тарту міндетіөзекті мәселе болыптұр. Ұсынылған мақалада «Педагог» мамандығына деген қызығушылықты ерте қалыптастырудың өзектілігіне, жоғары сынып оқушыларының педагог мамандығын саналы түрде таңдауына және педагогикалық сыныптар қызметінің ғылыми-әдістемелік негіздемесіне басты назар аударылуда. Педагогикалық сыныптарға деген мұндай қажетті қызығушылық, бір жағынан, ерте педагогикалық даярлық идеясын оқушыларменолардың ата-аналарыжәне педагогтары қолдағанын, екінші жағынан, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы, Алматы қаласы білім басқармасы, Жалпы орта білім беру ұйымдары арасындағы меморандум негізінде ауқымды ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстың нәтижелерін айғақтайды.Зерттеудің мақсаты – орта білім алушылардың «Педагог» мамандығын ерте таңдауға даярлаудағыпедагогикалық сыныптар қызметінғылыми-әдістемелік негіздеу. Аталған мақсатқа сәйкес, ғылыми-әдістемелікдеректерді теориялық талдау және эмпирикалық бейімдеу әдістері ғылыми талқыланады. Мақала авторлары «педагог маманындаярлау», «педагогикалық сыныптардың әдістемелікқызметі», «ғылымитұғырлы әдістемелік негіздеулер» жәнебасқада зерттеу жұмысыұғымдарының мәнін ғылыми негіздейді. Зерттеуде жүргізілген ғылыми талдаулар педагогикалық сынып қызметін ғылыми-әдістемелік негіздеудің қағидалары менәдіснамалық тұғырларыды ғылыминегіздеуге жағдай жасайды. Зерттеу барысында орта білім алушылардың «Педагог» мамандығын таңдауға даярлығынпедагогикалық-психологиялықсүйемелдеу үдерісінғылыми әдістемелік қолдаулар көрсетудің жағдаяттары жан-жақты қарастырылған.