Abstract
Бұл мақалада Өскемен қаласында орналасқан өндірістік кәсіпорындардың шартты түрде таза және шартты түрде тазартылған ақаба суларын қабылдайтын Ертіс өзені алқабының ірі саласы Үлбі өзені арқылы ластану сұрақтары қарастырылған. Ертіс өзені Қазақстандағы ең ірі өзендердің бірі болып, Обь өзенінің сол жақ саласы және Ертіс сушаруашылығы алқабының басты су артериясы. Ол Қытайдағы Моңғол Алтайының оңтүстік-батыс беткейлеріндегі мұздықты аймақтан бастау алады, Қазақстан аумағын кесіп өтіп, Ресей аумағында Обь өзеніне құяды. Ертістің жалпы ұзындығы – 4280 км, оның 618 шақырымы Қытайға, 1698 шақырымы Қазақстанға және 1964 щақырымы Ресейге тиесілі [1, бет 21]. Ертіс өзенінде су сапасының нашарлауы антропогендік факторалдың әсерінен, солардың бірі өзен алқабында орналасқан әртүрлі кәсіпорындардың іс әрекетінен болады. Кәсіпорындардан болатын антропогендік жүктемелердің әсері зиянды әсер көрсеткішімен анықталған. Әдебиеттік шолу су нысандарына түсетін антропогендік жүктемелерді анықтау тәсілдеріне негізделді. Ластаушы заттар бойынша Үлбі өзенінің антропогендік жүктеме деңгейіне бағалау жүргізілді. Есептеулер әр түрлі кәсіпорындар үшін орындалып, негізгі ластаушы заттар айқындалып, олар бойынша дифференциалды және интегралды жүктемелер анықталған. Жүргізілген зерттеулер және есептеулер нәтижесі Ертіс өзенінің басты ластану қауіптілігі табиғи тұрғыдан емес, Үлбі өзенінің су жинағышынан түсетін антропогендік заттардан болатыны айқындалды.