Abstract
Мақалада ағылшын-қазақ сөздерінің синоним сөздер мәселелері қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде онлайн ағылшын синоним сөздік қорынан қазақша синонимдер құрылды. Бұл жұмыстың ерекшелігі ағылшын онлайн синоним сөздігін қолдана отырып қазақ тіліндегі синоним сөздер тізімін автоматты түрде құру болып табылады. Автоматтандырылған синонимдер тізімін құру үшін ағылшыннан қазақшаға аударылған сөздер қолданылады. Зерттеу нәтижесінде мыңнан аса синоним сөздер тізімі құрылды. Ағылшын тілдегі сөздер онлайн тезаурустан ізделініп, табылған синонимдері машиналық аударма көмегімен аударылып, қазақ тіліндегі синонимдер каталогына енгізіледі. Орындалатын үрдіс толық автоматты түрде жүзеге асырылады.