Түркі халықтарының магиялық фольклорының жіктелу жолдары

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2024-2-192-205
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Түркі халықтарының магиялық фольклорының атқарған қызметі, прагматикалық аспектісі ерте замандардағы рух-иелерге, тылсым күш құдайларына жалбарыну, тілек айту, зұлым күштерді қуу, көшіру сияқты рәсімдеу әрекеттерімен байланысты. Рәсімдеу ғұрып (ритуал) түріндегі іс әрекеттермен, құрбандық берумен, магиялық іс-қимылдармен бірлікте атқарылған. Магиялық фольклордың орындалу үдерісі сөзбен, әрекетпен және әуенмен бірлікте, өзара байланыста жұмсалатын компоненттер жиынтығынан құралады. Бұл компоненттердің мазмұны ритуалдың синкреттік сипатымен, мифтік түсініктермен сабақтасып жатқан табиғатымен байланысты.Магиялық ғұрыптың атқарылу тәртібі мен мазмұны социум тарапынан қабылданған, мінез-құлықтың бағытын белгілеген әрекеттер жүйесінен жинақталады: іс-әрекеттер жүйесі мен мақсаты ортақ әлеуметтік-психологиялық сипатқа ие. Магиялық ғұрып қалыптасқан тәртіппен, бұрыннан белгілі жүйемен атқарылады, әр атқарылған ғұрып бұрынғы нәтижені, қалыптасқан норманы қайта тірілту, жандандыру мақсатын көздейді. Бұл үдеріс социумның ортақ әлеуметтік психологиялық мінездемесінің қалыпты қызметіне ықпал етеді.Мақалада салыстырмалы-ретроспективалы аспектіде саха, алтай, қазақ, татар, башқұрт халықтарының алғыс (алкыш, алгыһа), арбау (арбоо, дуа), бәдік, бақсы сарыны (кам, хам, ойуун) сияқты фольклорлық жанрларының функционалдық қызметі және құрылымдық компоненттері қарастырылады. Саха, алтай фольклорында ғұрыптың магиялық және мифтік мәні рух-иелерге қайрылу, шақыру, байланысқа шығу, өтініш жасау, шығарып салу сынды ұғымдармен және компоненттік бөліктермен бірлікте қызмет етеді. Ал қазақ, татар, башқұрт фольклорында бұл компоненттер қысқарған: ғұрыптық ситуациялардан тілек айту, алғыс, мадақтау, дуалау мәнді сөздер сақталып қалған. Жинақталған динамикалық әрекет көне ғұрыптық семиотика мәнін қайта жаңғыртады.