ТОЛЫҚ ПЕН БОСТЫҚ: АБАЙ ТҮСІНІГІНДЕГІ ТОЛЫҚ АДАМ БЕЙНЕСІНІҢ ПАРАДОКСАЛДЫ СИПАТЫ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48010/2026.3/1999-5911.02
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл жұмыста Абайдың «толық адам» түсінігі бұған дейін назар аударылмаған мәселелер негізінде жаңа қырынан қолға алынады. Бұдан бұрынғы зерттеулерде «толық адам» ұғымы көбінесе тек метафизикалық сипаттағы абстрактілі ұғым ретінде пайымдалса, аталмыш мақалада оның метафизикалық сипатына қоса тарихи қырларына екпін беріледі. Осы бағытта ұғымдардың метафизикалық мағыналарынан бұрын, ең әуелі олардың нақты мағыналары негізге алынып, философиялық талдаулар жасалады. Сондай-ақ, бұл ұғымдардың мағыналық өрісін қалыптастырған таным түрлерінің ерекшеліктері мен ұстанымдары да айқындалып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар салыстырмалы түрде қарастырылады. Аталған талдаулар негізінде Абай дүниетанымының қандай тұрғыда қалыптасқаны, оның метафизикалық және позитивистік танымдардан қай қырларымен ерекшеленетіні жан-жақты пайымдалады. Нәтижесінде, бір жағынан, Абай ұсынған жолдың қандай дүниетанымға сүйенетіні айқындалса, екінші жағынан, оның түсінігіндегі толық адам бейнесі барынша нақтылана түседі. Ең бастысы – толық адамның біздің ойлағанымыздай «толған», «кемеліне келген», яғни, белгілі бір мақсатқа жеткен адам емес, қайта үнемі ізденіс үстіндегі, «толмаған», «бос», яғни, үздіксіз жол үстіндегі адамды білдіретіні дәлелденеді. Соның нәтижесінде оқырман Абай негіздеген «толық адам» түсінігінің метафизикалық түсініктегі «камил инсаннан» да, позитивистік бағыттағы «білімді адам» моделінен де айқын айырмашылығын аңғара бастайды. Түйін сөздер: Абай, толық адам, камил инсан, дүниетаным, метафизика, позитивизм, дүние, тұрғы.