РАЦИОНАЛДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНИ ТАНЫМ: САҒДУДДИН АТ-ТАФТАЗАНИДІҢ МҰРАСЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ-ЭПИСТЕМОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48010/2026.3/1999-5911.13
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада XIV ғасырда өмір сүрген көрнекті мұсылман ойшылы, ғалым және теолог Сағдуддин ат-Тафтазанидің философиялық-эпистемологиялық мұрасы қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – ойшылдың еңбектеріндегі рационалдылық және діни танымның арақатынасын, ақыл-ойдың таным үдерісіндегі рөлін, сондай-ақ діни білімді рационалды негіздеу тәсілдерін философиялық тұрғыдан талдау. Мақалада ат-Тафтазанидің өмір сүрген тарихи-мәдени ортасы мен оның ғылыми көзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен интеллектуалдық дәстүрлерге назар аударылады. Әсіресе ислам философиясы мен калам дәстүріндегі ақыл мен уахидың, рационалды дәлел мен діни сенімнің арақатынасы талданады. Ойшылдың логикаға, дәлелдеу теориясына және ұғымдарды рационалды талдауға берген маңызы оның таным теориясының маңызды қырлары ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында Сағдуддин ат-Тафтазанидің «Шарх әл-Ақаид», «ат-Тәлуих», «әл-Мутаууал» және басқа да еңбектеріндегі таным, ақиқат, дәлел, ақыл және діни білім мәселелеріне қатысты тұжырымдары сараланады. Ойшылдың көзқарастарында рационалды таным діни ақиқатты теріске шығаратын құрал ретінде емес, оны түсіндіру, негіздеу және жүйелеудің маңызды әдісі ретінде көрініс табатыны айқындалады. Сонымен қатар мақалада ат-Тафтазанидің рационалды әдісінің исламдық теологиялық ойдың дамуына ықпалы және оның кейінгі интеллектуалдық дәстүрдегі орны қарастырылады. Ақыл мен діни танымның өзара байланысын зерттеу арқылы ойшыл мұрасындағы философиялық-эпистемологиялық ұстанымдардың ерекшеліктері ашылады. Сағдуддин ат-Тафтазанидің мұрасы қазіргі философия, исламтану және дін философиясы аясында рационалдылық пен діни таным мәселелерін зерттеу үшін маңызды теориялық негіздердің бірі ретінде бағаланады. Зерттеу нәтижелері ортағасырлық ислам ойындағы рационалды танымның ерекшеліктерін, діни білімнің қалыптасуындағы ақылдың қызметін және философиялық пайымдау мен теологиялық танымның өзара байланысын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Түйін сөздер: Сағдуддин ат-Тафтазани, рационалдылық, діни таным, эпистемология, философия, ақыл, діни білім