Қалмақ тұқымы малының әртүрлі жастағы бұқашықтары мен қашарларын өсіру технологиясының тірілей салмағы мен ет өнімділігіне әсері

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51452/eaj.2026.3(131).2254
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Ет бағытындағы ірі қара мал шаруашылығында өнімділікті арттырудың маңызды бағыттарының бірі – жас малды ғылыми негізделген өсіру және азықтандыру технологияларын қолдану болып табылады. Осыған байланысты қалмақ тұқымы малының әртүрлі өсіру технологиялары жағдайындағы өнімділік көрсеткіштерін бағалау өзекті мәселе болып саналады. Қалмақ тұқымы бұқашықтары мен қашарларын әртүрлі өсіру технологиялары жағдайында өсірудің тірілей салмағы мен ет өнімділігіне әсерін анықтау. Зерттеу Ақтөбе облысындағы «Қазақ Асылдары» ЖШС-де жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде 9, 12, 15 және 18 айлық қалмақ тұқымы бұқашықтары мен қашарлары алынып, аналогтар қағидаты бойынша бақылау (жайылымдық өсіру) және тәжірибелік (қорада қарқынды өсіру) топтарына бөлінді. Зерттеу барысында тірілей салмақ, абсолюттік және орташа тәуліктік салмақ өсімі, ет өнімділігі мен ұша морфологиялық құрамы анықталды. Қарқынды өсіру технологиясы қолданылған тәжірибе тобында барлық өнімділік көрсеткіштері бақылау тобынан жоғары болды. 18 айлық жаста бұқашықтардың тірілей салмағы 40,2 кг-ға, қашарларда 31,7 кг-ға артты. Абсолюттік салмақ өсімі бұқашықтарда 15,4%-ға, қашарларда 15,0%-ға жоғары болды. Сонымен қатар тәжірибе тобында ұша салмағы, сойыс салмағы, сойыс шығымы және ұшадағы ет үлесі жоғарылап, сүйек үлесі төмендеді. Қорада қарқынды бағып-күту және теңгерімді азықтандыру технологиясы қалмақ тұқымы жас малының өсу энергиясын, ет өнімділігін және ұша сапасын арттыруда тиімді екені анықталды. Алынған нәтижелер аталған технологияны ет бағытындағы ірі қара мал шаруашылығында өндірістік жағдайда кеңінен қолданудың тиімділігін дәлелдейді.