ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ: ӘКІМШІЛІК ҚҰЖАТТАР МЕН «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ (1899–1920 ЖЖ.)

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47526/3007-6366.6553
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихи құндылығының танылуы және оны қорғау жауапкершілігінің қойылуы 1899–1920 жылдарға қатысты әкімшілік құжаттар мен «Қазақ» газетінде жарияланған материал негізінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – діни ортаны әкімшілік есепке алу, тарихи нысанды тіркеу, қоғамдық сын және мекемелік жауапкершілікті белгілеу тәсілдерінің арақатынасын анықтау. Зерттеудің негізгі деректерін Түркістан учаскелік приставының 1899 жылғы рапорты, Сырдария облысының 1908 жылғы көне және тарихи ескерткіштер туралы мәліметі, Міржақып Дулатұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Хазірет Сұлтан» мақаласы және Түркістан Республикасы Орталық атқару комитетінің 1920 жылғы бұйрығы құрайды. Деректанулық және салыстырмалы талдау барысында мәтіндердің жанры, адресаты, географиялық ауқымы мен дәлелдік мүмкіндігі ескерілді. 1899 жылғы рапорттың өзінде кесененің діни қызметі мен тарихи құндылығы қатар аталғаны анықталды. Кесененің 1908 жылғы облыстық тізімге енгізілуі нақты жөндеу жұмыстарының орындалғанын дәлелдемейді. Дулатұлының ұстанымында кесенені сақтау талабы жергілікті қамқоршыларды сынаумен және есеп беретін басқаруды талап етумен ұштасады. 1920 жылғы бұйрық кесенеге қатысты орындалған нақты шараның дәлелі ретінде емес, тарихи және мәдени мұраны қорғаудың жалпы мекемелік өкілеттіктерін белгілеген акт ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижелері қасиетті орынның тарихи мұраға бірізді түрде айналуы туралы түсіндіруді шектеп, нысанның тарихи құндылығын тану мен оны сақтауға бағытталған практикалық әрекеттерді ажырата қарастыру қажеттігін көрсетеді. Сонымен қатар бір нысанға қатысты учаскелік, облыстық және республикалық деңгейдегі деректердің географиялық және әкімшілік ауқымын ажыратудың маңызы айқындалады.