МОБИЛЬДІ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ПЛАТФОРМАНЫҢ ҚАУІПСІЗ НАВИГАЦИЯСЫН КӨПСЕНСОРЛЫ АҚПАРАТ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53364/24138614_2026_42_3_14
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл жұмыста көпсенсорлы ақпаратты біріктіру негізінде мобильді роботтандырылған платформаның қауіпсіз автономды навигациясын жетілдіру әдісі ұсынылған. Зерттеудің мақсаты LiDAR, RGB камера, инерциялық өлшеу модулі (IMU) және доңғалақ энкодерлерінен алынған мәліметтерді біріктіру арқылы роботтың орналасуын сенімді бағалау және кедергілерді ескере отырып қауіпсіз қозғалыс траекториясын қалыптастыру болып табылады. Ұсынылған әдісте мобильді платформаның динамикалық моделі, көпсенсорлы ақпаратты біріктіру алгоритмі, қоршаған ортаны бағалау, қауіпсіз траекторияны жоспарлау және нақты уақыт режиміндегі қозғалысты басқару модульдері бір жүйеге біріктірілді. Динамикалық модель роботтың қозғалыс параметрлерін, доңғалақтардың айналу жылдамдықтарын және басқару әсерлерін ескеруге мүмкіндік береді. Көпсенсорлы ақпаратты біріктіру нәтижесінде роботтың ағымдағы орналасуы мен қозғалыс күйі бағаланып, алынған ақпарат траекторияны жоспарлау және басқару жүйесіне беріледі. Қауіпсіз траекторияны қалыптастыру кезінде робот пен кедергілер арасындағы минималды қашықтық ескеріліп, соқтығысу қаупін төмендететін қозғалыс бағыты анықталады. Әдістің тиімділігі MATLAB және ROS–Gazebo модельдеу орталарында бағаланды. Модельдеу барысында роботтың жоспарланған маршрут бойынша қозғалысы, статикалық кедергілерді анықтауы және оларды қауіпсіз айналып өтуі зерттелді. Сонымен қатар сенсорлық мәліметтерге сыртқы шу енгізіліп, ұсынылған тәсілдің өлшеу қателеріне төзімділігі бағаланды. Нәтижелер көпсенсорлы ақпаратты біріктіру роботтың орналасуын бағалау тұрақтылығын арттырып, траекторияны тұрақты бақылауды және қауіпсіз навигацияны қамтамасыз ететінін көрсетті. Ұсынылған әдіс өндірістік автоматтандыруда, қоймалық логистикада және сервистік робототехникада мобильді роботтардың автономды навигация жүйелерін әзірлеу үшін қолданылуы мүмкін.