Abstract
Мақалада жаһандану мен цифрлық трансформация жағдайында түбегейлі өзгерген заманауи еңбек нарығы талаптарына сәйкес кәсіби білім беру жүйесінің жаңа басымдықтары қарастырылады. Дәстүрлі кәсіби құзыреттермен қатар, коммуникативтік, көшбасшылық, шығармашылық, эмоционалды интеллект, командамен жұмыс, бейімделгіштік, сыни ойлау сияқты soft skills маңызы артып келе жатқаны дәлелденеді. Авторлар икемді дағдыларды кәсіби жетістіктің негізгі алғышарты ретінде сипаттайды. Зерттеуде soft skills мәні мен мазмұнына талдау жасалып, олардың халықаралық ғылыми-педагогикалық әдебиеттегі негізгі жіктелуі мен қалыптастыру, бағалау әдістері сипатталады. АҚШ, Ұлыбритания, Финляндия, Сингапур, Германияның жоғары білім жүйесіндегі табысты тәжірибелер мысалға келтіріледі. Қазақстандағы «Цифрлық Қазақстан», «Жаңа формация мұғалімі», «Жаңа жағдайдағы білім» сынды бағдарламалар аясында soft skills дамытудың ұлттық ерекшеліктері мен мүмкіндіктері талданады. Авторлар жоғары оқу орындары soft skills дамытуға бағытталған оқу жоспарларын қайта қарап, тәжірибеге бағытталған цифрлық және интербелсенді технологияларды енгізуі қажет екенін атап көрсетеді. Зерттеу нәтижелері кәсіби білім беру жүйесінде икемді дағдыларды жүйелі түрде қалыптастыру білім беру сапасын арттыруға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға ықпал ететінін көрсетеді.