ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДІНИ КӨЗҚАРАСТАРЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48010/gmxdjk31
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Түркістан өңіріндегі жастар мен жасөспірімдердің діни көзқарастары мен құндылықтық ұстанымдарының қалыптасу ерекшеліктері тарихи, әлеуметтік және ақпараттық факторлармен байланыста қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – кеңестік кезең мен тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуалды салыстыра отырып, өңір жастарының діни санасына ықпал ететін негізгі әлеуметтік-мәдени тетіктерді анықтау. Зерттеудің дереккөздік негізін Түркістан облысының мемлекеттік архиві материалдары, мерзімді баспасөз деректері, діни бірлестіктер мен жастар саясатына қатысты құжаттар, сондай-ақ колледж студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері құрады.Зерттеу барысында архивтік талдау, контент-талдау, салыстырмалы-тарихи әдіс, құрылымдық-функционалдық және аксиологиялық талдау тәсілдері қолданылды. Архивтік деректер кеңестік кезеңде діни орындар мен діни тәжірибелер әкімшілік-идеологиялық бақылау нысаны болғанын көрсетеді. Тәуелсіздік жылдарында діни сенім бостандығының құқықтық негізде бекітілуі, мешіттер санының артуы, киелі орындарға қызығушылықтың күшеюі және цифрлық ақпарат кеңістігінің кеңеюі жастардың діни көзқарастарына жаңа сипат берді.Зерттеу нәтижелері жастардың діни ұстанымдары отбасы тәрбиесі, білім беру ортасы, жергілікті тарихи-мәдени жады, діни институттар және әлеуметтік желілер ықпалымен қалыптасатынын көрсетті. Сонымен қатар діни ақпаратты фрагментарлы қабылдау, діни сауаттылық деңгейінің әркелкілігі және деструктивті діни ағымдарға қарсы сыни көзқарасты қалыптастыру қажеттілігі айқындалды. Алынған нәтижелер жастардың діни сауаттылығын жүйелі арттыру, сенімді ақпарат көздерін пайдалану мәдениетін қалыптастыру және дәстүрлі рухани құндылықтарды білім беру кеңістігімен ұштастыру қажеттігін негіздейді.