БҰҚАР ЖЫРАУ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2026-156-3-190-201
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Бұқар жырау Қалқаманұлы шығармаларындағы тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасы жан-жақты қарастырылады. Бұқар жырау Қалқаманұлының шығармалары – XVIII ғасырдағы қазақ халқының тарихи жағдайын, ел бірлігі мен жер тұтастығын, халықтың саяси-әлеуметтік өмірін танытатын құнды әдеби мұра. Жырау толғауларында Абылай хан дәуіріндегі тарихи оқиғалар, қазақ халқының сыртқы жауға қарсы күресі, ел басқару мәселелері мен халық тағдыры көркем түрде бейнеленген. Сондықтан Бұқар жырау шығармаларындағы тарихи деректер мен көркемдік шешімнің өзара байланысын анықтау қазақ әдебиетінің тарихи негіздерін тереңірек тануға мүмкіндік береді. Зерттеудің көкейкестілігі жырау шығармаларын тек әдеби мұра ретінде емес, белгілі бір тарихи кезеңнің шындығын көркем сөз арқылы жеткізген рухани құндылық ретінде қарастыру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – Бұқар жырау шығармаларында көрініс тапқан тарихи оқиғалар мен тұлғаларды анықтап, олардың жырау толғауларында көркемдік тұрғыдан берілу ерекшеліктерін талдау және тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашу. Зерттеу барысында тарихи-әдеби, мәтіндік талдау, сипаттау, жинақтау және жүйелеу әдістері қолданылды. Бұқар жырау толғауларындағы тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы мәліметтер тарихи деректермен салыстырылып, шығармалардың идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде Бұқар жыраудың тарихи оқиғаларды сол қалпында баяндаумен шектелмей, оларды жыраулық дүниетаным, көркем бейнелеу құралдары және терең толғам арқылы жеткізгені айқындалды. Тарихи шындық пен көркемдік шешімнің өзара сабақтастығы жырау шығармаларының тарихи әрі әдеби құндылығын арттыратыны тұжырымдалды.