ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2026.91.3.004
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Авторлар ғылыми мақалада цифрлық ортадағы жастардың саяси әлеуметтенуі мәселесінің әлеуметтік-саяси салдарын қарастырады. Мәселені зерттеу барысында авторлар саяси-әлеуметтанулық әдіснамамен қатар пәнаралық тәсілді қолданады. Әлемдік өркениетте ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мен виртуалды коммуникациялардың кеңінен таралуы әлеуметтену процесінің си-патын түбегейлі өзгертті. Сондықтан адамзат өркениетінің даму тәжірибесінде қалыптасқан әлеуметтену процесінің өзгеріске ұшырауына орай және ақпараттың бастапқы көзі ретінде виртуалды ресурстардың басымдыққа ие болғанына байла-нысты цифрлық қоғамдағы жастардың саяси әлеуметтену ерекшеліктеріне талдау жасалды. Сонымен бірге, зерттеуде виртуалды кеңістік жағдайындағы жастардың саяси әлеуметтенуінің жағымды және жағымсыз тұстары анықталып, цифрлық және дәстүрлі әлеуметтенудің интеграциясы мен үйлесімділігі көрсетілді. Зерттеу-де саяси ғылымда белгілі ғылыми объективтілік, жүйелілік-құрылымдық, тарихи-салыстырмалы, салыстырмалы-саяси талдаулар, сараптамалық және логикалық талдау әдістері қолданылды. Осы әдістер зерттеу тақырыбын жүйелі түрде талдауға және цифрлық қоғамдағы жастардың саяси әлеуметтену процесін жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін айқындауға мүмкіндік берді.