ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ТӘУЕКЕЛГЕ БАҒДАРЛАНҒАН РЕТТЕУДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ШЕКТЕРІ: ЕО AI ACT ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.63546/3005-2246.2026.15.3.002
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала барысында Еуропалық Одақтың Жасанды интеллект туралы актісі (бұдан әрі – ЕО ЖИ) мен Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» Заңын салыстыру арқылы жасанды интеллектті тәуекелге бағдарланған реттеудің конституциялық шектерін зерттейді. Тәуекелге бағдарланған тәсіл өздігінен адам құқықтарының кепілдігі бола алмайды: ол әртүрлі ЖИ-жүйелеріне қатысты реттеушілік назарды ғана бөледі. Конституциялық мәселе тәуекел санаты адамның құқықтарына араласудың заңдылығын, қажеттілігін, мөлшерлестігін және сотта даулану мүмкіндігін тексеруді алмастыра бастаған жерде туындайды. Мақалада ЕО AI Act жол берілмейтін практикаларға тыйым салуды, жоғары тәуекелді жүйелерді жіктеуді, тәуекелдерді басқару, адам бақылауы және негізгі құқықтарға ықпалды бағалау талаптарын біріктіретіні көрсетіледі. Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» Заңы да тәуекелге бағдарланған құрылымды енгізеді: ЖИ жүйелерін тәуекел дәрежесі мен автономдылық деңгейі бойынша жіктеу, меншік иелері мен иеленушілердің тәуекелдерді басқару жөніндегі міндеттері және жоғары тәуекел дәрежесіндегі сенімді жүйелерге арналған арнайы механизмдер көзделеді. Сонымен бірге қазақстандық модель конституциялық тұрғыдан нақтылауды қажет етеді: тәуекел өлшемдері ашық, тексерілетін және техникалық қауіпсіздікпен ғана емес, адам құқықтарымен де байланысты болуы тиіс. Егер ЖИ жария басқаруда қолданылса немесе адамның құқықтық мәртебесіне әсер етсе, конституциялық кепілдіктердің ең төменгі жиынтығы жүйеге берілген тәуекел санатына қарамастан қолданылуға тиіс. Қазақстандық реттеуді дамыту үшін құқықтық бағдарлар ұсынылады: ЖИ-дің адам құқықтарына ықпалын бағалау, маңызды ЖИ-жүйелердің жария тізілімі, адам тарапынан мазмұнды қайта қарау, тәуекел жіктемесінің тексерілуі және конституциялық қорғау деңгейін автоматтандырылған түрде төмендетуге тыйым салу.