БЛОКЧЕЙН-ЖЕЛІЛЕРІНДЕГІ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ДЕРЕКТЕРДІҢ ӨЗГЕРМЕЙТІНДІГІ ҚАҒИДАТЫ МЕН ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙШЫЛЫҒЫ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.63546/3005-2246.2026.15.3.001
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Блокчейн технологиялары деректердің ашықтығын, қауіпсіздігін және орталықсыздандырылуын қамтамасыз ете тұра, экономиканың және мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларында белсенді түрде енгізілуде. Олар ақпаратты таратылған реестрлерде сақтауға мүмкіндік береді, бұл пайдаланушылардың сенімін арттырады және алаяқтық қаупін азайтады. Дегенмен, блокчейннің бірегей қасиеттері, атап айтқанда, жазылғаннан кейін деректердің өзгермейтіндігі, жеке деректерді қорғау саласында күрделі құқықтық қиындықтар туғызады. Қазақстан Республикасының заңнамасы жеке тұлғаларға өздерінің жеке деректерін өзгертуді, бұғаттауды немесе жоюды сұрау құқығын береді. Бұл блокчейн желілерінің техникалық мүмкіндіктеріне қайшы келеді, мұнда ақпарат жазылғаннан кейін тиімді түрде өзгертілуі немесе жойылуы мүмкін емес. Мақалада блокчейннің өзгермейтіндігі мен субъектінің өз жеке деректерін қорғау құқығы арасындағы қайшылық егжей-тегжейлі талданады. Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттердің және халықаралық тәсілдердің заңнамасын салыстырмалы-құқықтық талдау негізінде блокчейн-ортада дербес деректерді өңдеуді құқықтық реттеудің қолданыстағы модельдері, олардың артықшылықтары мен шектеулері айқындалады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы жеке деректерді қорғау қағидалары мен таратылған тізілімдердің технологиялық ерекшеліктерінің арақатынасы туралы ғылыми идеяларды дамыту, сондай-ақ заңнама талаптары мен блокчейн архитектурасы арасында туындаған қақтығыстардың құқықтық сипатын нақтылау болып табылады. Ал тәжірибелік маңыздылығы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге және блокчейн-технологияларды пайдалану кезінде дербес деректерді қорғау туралы талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін құқықтық және ұйымдастырушылық-техникалық тетіктерді қалыптастыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге байланысты. Алынған нәтижелер заң шығарушылық қызметте, құқық қолдану тәжірибесінде, блокчейн технологиясына негізделген цифрлық платформалар мен ақпараттық жүйелерді әзірлеу кезінде, сондай-ақ дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметінде пайдаланылуы мүмкін.