Abstract
Мақалада былғары материалына табиғи бояғыштардың қолданылуы қарастырылды. Өсімдік негізіндегі бояғыштар сияқты экологиялық таза өнімдерге «жасыл технология» қағидаларына сай келетін көптеген артықшылықтарына байланысты әлемдік қызығушылық артып келеді. Бұл зерттеуде балаларға арналған ортопедиялық аяқ-киімнің үстіңгі бөлік материалы ретінде емен қабығы (Cortex Quercus), шалқан (Agrimonia eupatoria L.) ат каштаны (Aesculus hippocastanum) және «хлорофилл», сондай-ақ осы экстрактылардың комбинацияларымен өңделген былғарының түс ерекшеліктері сипатталады. Алдыңғы зерттеулердің нәтижелері бойынша өсімдік негізіндегі бояғыштардың былғары терілеріне қолданылуықанағаттанарлықтан жақсыға дейін бағаланды. Сонымен қатар, бұл зерттеу бағалы бояғыштарды өндіруге қолдануға болатын өсімдік ресурстары туралы түсінік береді. Былғарының беттік құрылымы түс индикаторларын және түс айырмашылықтарын өлшеуге арналған SN-5000портативті колориметр арқылы түсі зерттелді. Нәтижесінде, былғарыны бояғанда түстің беріктігі мен қанықтылығы жақсарды, жоғары бояу интенсивтілігін қамтамасыз етеді. Табиғи бояғыштардың қолданылуы экологиялық таза материалдар өндіруге және қоршаған ортанызиянды заттардан қорғауға мүмкіндік береді.