Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясатындағы институционалдық шектеулер және толық технологиялық цикл моделіне көшу

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48010/kq5n6e25
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми-технологиялық саясатының институционалдық даму тетіктері білім экономикасын қалыптастыру және технологиялық бәсекеге қабілеттілікті арттыру тұрғысынан зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – ғылыми әлеуеттің технологиялық және экономикалық нәтижелерге трансформациялануына кедергі келтіретін институционалдық шектеулерді айқындау, сондай-ақ ғылыми-технологиялық саясатты жетілдірудің негізгі бағыттарын негіздеу. Зерттеу нәтижелері нормативтік-құқықтық базаның жүйелі жетілдірілуіне, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландыру көлемінің ұлғаюына, ғылымды мемлекеттік қолдау тетіктерінің жетілдірілуіне және цифрлық ғылыми инфрақұрылымның дамуына қарамастан, ұлттық ғылыми-технологиялық жүйеде ғылымның өнеркәсіппен тиімді ықпалдасуын шектейтін институционалдық кедергілердің сақталып отырғанын көрсетті. Олардың қатарына тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тетіктерінің жеткіліксіз дамуы, ғылыми-технологиялық күн тәртібін қалыптастыруға бизнестің әлсіз тартылуы, инновациялық инфрақұрылымның фрагменттелуі және ғылыми зерттеулерден әзірлемелерді өнеркәсіптік өндіріске енгізуге дейінгі үздіксіз үдерісті қамтамасыз ететін толық технологиялық циклдің болмауы жатады. Шетелдік тәжірибеге жүргізілген салыстырмалы талдау негізінде мемлекеттік ғылыми-технологиялық саясаттың тиімділігін арттыру ғылыми қызметті қолдауға басымдық беретін модельден технологиялардың толық өмірлік циклін басқаруға негізделген модельге көшуді талап ететіні дәлелденді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, технологиялар трансферін, цифрлық инфрақұрылымды, сондай-ақ мемлекет, ғылым және бизнес арасындағы өзара іс-қимылды бірыңғай ғылыми-технологиялық экожүйенің өзара байланысты элементтері ретінде қарастыратын институционалдық модельді негіздеуде көрінеді. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми-технологиялық саясатының тетіктерін жетілдіруде және ұлттық инновациялық жүйені одан әрі дамытуда пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.