ЭКРАНДАЛҒАН f(T)-ГРАВИТАЦИЯ МОДЕЛІНІҢ ЕСЕБІ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1483.465
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл жұмыста F(T) = T − 2Λ*[1 − exp(−Ts2/T2)] функция арқылы сипатталатын модификацияланған телепараллельді гравитацияның экрандалған моделі зерттеледі. мұндағы T — бұралу скаляры, Ts өтудің сипаттамалық масштабын анықтайды, ал Λ* кеш ғаламдық (космологиялық) үдеудің амплитудасын сипаттайды. Модельдің негізгі ерекшелігі — |T| үлкен мәндерінде модификациялаушы бөліктің автоматты түрде басылуы. Жоғары бұралу режимінде түзету мүшесі T−2 заңы бойынша кемиді, нәтижесінде теория асимптоталық түрде жалпы салыстырмалылық теориясының телепараллельді эквивалентіне жақындайды. Ал |T| кіші мәндерінде модификациялаушы бөлік тұрақты −2Λ* мәніне ұмтылып, оң космологиялық тұрақтының әсерін қайта жаңғыртады. Кеңістіктік жазық FLRW (Фридман–Леметр–Робертсон–Уокер) геометриясы үшін модификацияланған Фридман теңдеуі қорытылып шығарылды, геометриялық сектордың тиімді энергия тығыздығының өрнегі алынды және E(0) = 1 шарты бойынша нормалау жүргізілді, мұндағы E(z) = H(z)/H0; онымен қатар, E′(z), тиімді күй теңдеуінің параметрі w(z), f(T) функциясының туындылары және тиімді гравитациялық тұрақты Geff үшін аналитикалық өрнектер анықталды. Монотонды космологиялық тармақта wX = −1 фантомдық шекарасының қиылысуы u = 5/4 шартымен анықталатыны көрсетілді. Сандық талдау τ = 0.30, 0.70 және 1.20 мәндері үшін жүргізілді. Кеңею функциясы, H(z) шамасының ΛCDM моделінен салыстырмалы ауытқуы, wX(z) параметрінің эволюциясы, Geff/G қатынасы және fσ8(z) комбинациясы зерттелді. Зерттеу нәтижелері модельдің фондық динамикасының ΛCDM моделіне жақын екенін және 0 ≤ z ≤ 5 аралығында FT > 0 шартын қанағаттандыратынын көрсетті. Алайда қазіргі кездегі Geff/G ≃ 1.29–1.38 мәні гравитациялық өзара әрекеттесудің едәуір күшейетінін көрсетеді. Демек, модельдің минималды нұсқасы жоғары бұралу режиміндегі экрандалуды сәтті жүзеге асырғанымен, ірі ауқымды құрылымдардың өсуін бақылау деректері тарапынан қатаң шектеулерге ұшырауы ықтимал.