ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ: ҚИЫНДЫҚТАР МЕН БОЛАШАҒЫ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48081/btouecon3.2026/304-320
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Цифрлық трансформация – қазіргі уақыттағы мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігі. «Цифрлық трансформация» термині әр түрлі мағынада көрініс табады. Біреулер оны тек веб-сайт жасап құру деп түсінсе, басқалары – бүкіл мемлекеттік машинаны қайта құрастыру деп түсіндіреді. Бұл мақала Қазақстандағы цифрлық трансформацияның теориялық негіздерін, оның институционалдық кедергілерін және тәжірибелік нәтижелерін кешенді түрде зерттейді. Үш бағытта негізгі зерттеу жасалынды. Біріншіден, тұжырымдамалық база жасалынды, электрондық үкімет теориясы мен институционалдық экономика тұрғысынан. Еліміз үшін цифрлық трансформация – стратегиялық қажеттілік және ерікті таңдау. Халықтың 70 %-ы интернетті белсенді пайдалана отырып, елдің цифрлық сауатты ұрпағы мемлекетке жаңа талаптар қояды. Бірақ жер аумағының ұлан-ғайыр болуы, халықтың шоғырлану деңгейінің айырмашылығы және жекелеген аймақтардағы инфрақұрылымның жеткіліксіздігі – бұл барлығы бірегей қиындықтар тудырады. Зерттеу барысында осы қиындықтардың табиғатын теориялық тұрғыдан талдап, тәжірибелік деректермен зерттеп, болашаққа нақты жол көрсетуге тырысуымыз керек. Екіншіден, ол статистикалық деректер, яғни 2022–2024 жылдар арасындағы деректер кесте түрінде талданды: EGDI индексі, egov.kz порталының негізгі көрсеткіштері, киберқауіпсіздік мәселелері. Үшіншіден, барлық зерттеу барысында туындаған мәселелерге нақты ұсыныстар берілді – азаматтық дизайн, аймақтық теңдік, архитектуралық реформа, кадрлық саясат. Нәтижесінде анықталды: Қазақстан халықаралық рейтингтерде оң динамика көрсетсе де, ауылдық аймақтардағы цифрлық теңсіздік пен кибершабуылдардың өсуі шешуші мәселе болып қалады. Эстония, Сингапур және Грузия тәжірибесі негізінде ұсынылған шаралар мемлекеттің одан әрі дамуына нақты бағдар бере алады. Қазақстанда цифрлық трансформация мемлекеттік деңгейде белсенді дамытылуда. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы 2018 жылы іске қосылды. 2021 жылы «Ақпараттандыру туралы» заңның жаңа редакциясы қабылданды. 2022 жылдан бастап «Цифрлық үкімет – 2025» Тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. «Egov.kz» – мемлекеттік қызметтердің бірыңғай порталы – 2024 жылы 7,5 миллионнан астам тіркелген пайдаланушыны есептейді. Мақала мемлекеттік қызметкерлерге, зерттеушілерге және саясат жасаушыларға арналған. Кілтті сөздер: цифрлық трансформация, электрондық үкімет, мемлекеттік басқару, egov.kz, киберқауіпсіздік, институционалдық реформа, жасанды интеллект.