Құрбанғали Халидидің “Тауарих-и хамса-и шарқи” еңбегінің кейбір дереккөздері Құрбанғали Халидидің “Тауарих-и хамса-и шарқи” еңбегінің кейбір дереккөздері

Gumilyov Journal of History, 2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/3080-129x-2026-156-3-115-138
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада XIX ғасырдың екінші жартысында – XX ғасыр басында өмір сүрген тарихшы-ғалым, этнограф, діни қайраткер Құрбанғали Халидидің “Тауарих-и хамса-и шарқи” атты еңбегінің деректік негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – аталған шығармадағы Қазақстан тарихына қатысты бөлімдерде автордың пайдаланған жазба дереккөздерді анықтап, олардың отандық тарих үшін ғылыми маңызын көрсету. Революцияға дейінгі Қазақстанның мәдениет тарихында өзіндік орны бар тұлғалардың бірі, ұлы Абайдың жерлесі мен замандасы, ғалым, діни қайраткер – Құрбанғали Халиди. Ол Қазақстанның шығысындағы Аягөз қаласында татар отбасында 1846 жылы дүниеге келіп, 1913 жылы қазіргі Қытай аумағындағы Шәуешек қаласында қайтыс болды. Құрбанғали Халиди өз заманының өте білімді адамы, ол ғасырлар тоғысында қазақ тарихы мен мәдениетін зерттеп, “Тарих-и жарида-и жадида” (“Жаңа тарих жазбалары”) және “Тауарих-и хамса-и шарқи” (“Шығыстың бес елінің тарихы”) атты тарихи шығармалар жариялады. Бұл шығармалар XX ғасырдың басындағы тарихи танымын көрсететін маңызды еңбектер. Әсіресе Құрбанғали Халидидің 1910 жылы Қазан қаласында басылып шыққан “Тауарих-и хамса-и шарқи” еңбегін ерекше атап өту керек. Бұл еңбек – Еуразияның далалық аймағын мекен еткен түркі халықтарының тарихы, тарихи географиясы, этнографиясы, рухани және материалды мәдениеті туралы құнды мәліметтер беретін маңызды дереккөз болып табылады. Құрбанғали Халиди шығармасын ортағасырлық шағатай тіліндегі жазба мұраларды негізге алып, жаңа замандағы түрік халықтарының «ортақ тілде» жазды. Сонымен қатар шығармада автор араб-парсы тілдерінің қадыми ғылыми терминдерін барынша еркін қолданды (Т. Жұртбай). Құрбанғали Халидидің өзі де, оның “Тауарих-и хамса-и шарқи” шығармасы да ұзақ уақыт отандық тарихнамада аз белгілі болды. Оған кеңес заманындағы идеологиямен қатар, шығарманың тілі және оның араб графикасында жазылғаны да әсер етті. Тек Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін “Тауарих-и хамса-и шарқи” арнайы зерттеу объектісіне айналды. 1992 жылы алғаш рет Құрбанғали Халидидың шығармасының қазіргі қазақ тіліндегі қысқартылған аудармасы баспадан шығып, еңбек ғылыми айналымға ене бастады. Ғалым мен оның жазба мұрасына арналған ғылыми зерттеулер жарияланды. Зерттеу барысында Құрбанғали Халидидің “Тауарих-и хамса-и шарқи” еңбегіндегі Қазақстан тарихына қатысты мәліметтер ортағасырлық және Жаңа заман ғалымдарының тарихи еңбектердегі мәліметтермен салыстырылды. Нәтижесінде автор өз еңбегінде ат-Табаридің (X ғ.) “Тарих ар-русул уә-л-мулук”, Ибн Халдунның (XV ғ.) “Китаб әл-‘ибар”, Мирхондтың (XV ғ.) “Раузат ас-сафа”, Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың (XVI ғ.) Тарих-и Рашиди, Нишанджы-заденің (XVII ғ.) “Мир’ ату-л-кә’инәт”, Кәтиб Челебидің (XVII ғ.) “Жиһаннама”, Әбілғазы баһадүр ханның (XVII ғ.) “Шаджара-йи түрк”, Шиһабуддин Маржанидің (XIX ғ.) “Мустафад әл-ахбар” шығармаларының мәліметтерін пайдаланғаны анықталды. Зерттеуде Құрбанғали Халидидің “Тауарих-и хамса-и шарқи” еңбегінде пайдаланған, авторының аты-жөні көрсетілмеген “Жаһаннама” шығармасы белгілі османлық ғалым Кәтиб Челебиге тиесілі екені анықталып, еңбектің деректанулық негізі көрсетілді. Нәтижесінде Қ. Халидидің ортағасырлық мұсылман және түркі тарихшыларының еңбектеріне сүйене отырып, өзіндік синтетикалық тарихи еңбек жасағаны анықталды. Сонымен қатар оның еңбегінің деректанулық, тарихнамалық құндылығы айқындалды.