Діни ориентация мен негативті копингтің діни стресспен байланысы: Қазақстан жастары арасында пилоттық зерттеу

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.65608/qut.2026.3.03
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада Қазақстан жастары арасындағы ішкі және сыртқы діни ориентация мен позитивті және негативті діни копингтің діни стресспен байланысы эмпирикалық тұрғыда талданады. Пилоттық зерттеуде 101 респонденттің (28 ер адам, 73 әйел) сауалнама жауаптары қарастырылды. Деректер ішкі және сыртқы діни ориентацияны, позитивті және негативті діни копингті және діни стрессті өлшейтін бес шкала арқылы жиналды. Діни ориентацияны бағалау үшін Г. Олпорт пен Дж. Росстың шкалаларының (I-ROS, E-ROS), ал діни копингті бағалау үшін К. Паргаменттің құралының (PRC, NRC) бейімделген нұсқалары қолданылды. Барлық шкала қанағаттанарлық немесе жоғары ішкі келісімділікті көрсетті (α = .82–.94). Корреляциялық және регрессиялық талдау нәтижелері бойынша негативті діни копинг діни стресстің жалғыз статистикалық мәнді болжаушысы болды (β = .76, R² = .72), ал ішкі діни ориентация мен позитивті діни копингтің стресспен статистикалық мәнді байланысы анықталған жоқ. Гендерлік талдау нәтижесінде орташа мәндер арасында статистикалық мәнді айырмашылықтар табылған жоқ. Әйелдер тобында кейбір статистикалық мәнді байланыстар анықталғанымен, Фишердің r-to-z түрлендіруіне негізделген тест тиісті корреляциялардың ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтарының статистикалық мәнділігін растаған жоқ. Зерттеу нәтижелері негативті діни копингтің діни стресспен байланысты екенін көрсетеді және психологиялық қолдау бағдарламаларында оған назар аударудың маңыздылығын айқындайды. Алайда іріктеменің шектеулілігіне байланысты бұл нәтижелер алдын ала қорытындылар ретінде қарастырылып, болашақ зерттеулерде тексеруді қажет етеді.