Жапонияда түркітану мектебінің қалыптасуы: кезеңдері және жалпы сипаттамасы

Turkic Studies Journal, 2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2026-3-51-64
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Жапониядағы түркітану ғылымының қалыптасуы, кезеңдері және даму ерекшеліктері қарастырылған. ХІХ ғасырдың аяғына қарай Жапонияда түркітану ғылымының қалыптасуының алғышарттары экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерге байланысты болғандығы айтылған. Жапонияда түркітану ғылымының қалыптасуы үш кезеңнен тұратыны тұжырымдалған. Бірінші кезең – ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығынан басталып, екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі уақытты қамтитындығы көрсетілген. Бұл кезеңдегі жапон түркітанушылары еңбектерін негізінен қытай деректеріне сүйеніп жазғандығымен ерекшеленеді. Екінші кезеңде, яғни 1940-1970 жылдар аралығында түркітанушылардың жаңа буыны қалыптасқандығы және олардың түркі халықтарының тілі, мәдениеті, тарихы туралы жаңадан зерттеулер жүргізгендігі көрсетілген. Үшінші кезең ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан басталып, бүгінгі күнге дейін созылады. Бұл кезеңде зерттеушілер қатарына жаңа ғалымдар қосылып, нәтижесінде сан жағынан да, сапа жағынан да түркітану ғылымы айтарлықтай жоғары дәрежеге көтерілді. Зерттеу барысында соңғы кезеңдегі түркітанушылар көне ұйғыр және шағатай тілдерін терең меңгеруге ден қойды. Олар көне және қазіргі түркі тілдерін меңгеріп, сонымен қатар түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін зерделеу және зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысты. Жапонияда түркітану ғылымының дамуына Токио, Киото және Хоккайдо университеттері зор ық- пал етіп, мол тәжірбие жинақтаған. КСРО тарағаннан кейін мұрағаттардағы құжаттарды пайдалануға мүмкіндіктің болуы Жапониядағы түркітану ғылымының дамуына кеңінен жол ашты. Кейінгі жылдары ортағасырлық және Алтын Орда дәуіріндегі түркілердің тарихына байланысты қызығушылық артты. Жапон зерттеушілеріне тән бір ерекшелік, олар көшпелілігі басым түркілердің саяси бірлестіктерінің тарихын эволюциялық көзқараста қарастыратындығында. Бұл тұрғыдан Мори Масао, Ямада Нобуо, Хаяши Тосио зерттеулері Шыңғыс хан шапқыншылығына дейінгі кезеңдегі көшпелі ру-тайпалардың эволюциялық даму нәтижесінде ру-тайпалық саяси конфедерацияларға өтуіне баса назар аударады. Мақалада Түрік қағанатының тарихына арналған іргелі еңбектер, атап айтқанда, Мори Масаоның «Ежелгі түріктердің тарихы бойынша зерттеулер» атты екі томдық монографиясы мен Найто Мидоридің «Батыс түріктерінің тарихы» атты зерттеуі жан-жақты қарастырылған. Тұтастай алғанда, Мори Масао, Ямада Нобуо, Хаяши Тосио, Маэда Масан сияқты жапон түркітанушыларының еңбектері түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін толық қамтуымен ерекшеленеді. Біздің пікір бойынша, бүгінгі таңда жапон тарихнамасының әлемдік түркітану ғылымының дамуына қосып жатқан үлесі мен маңызы арта түсуде.