ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Шығыс Қазақстанның демографиялықдамуының негізгі тенденциялары

2024

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53360/3107-0493-2024-2(2)-7
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада Шығыс Қазақстан және Семей өңірлерінің демографиялық жүйесінің дамуы мен құрылымы жан-жақты талданады. 1959 және 1989 жылдардағы халық санағы нәтижелерін пайдалана отырып, аймақтар арасындағы халық санының динамикасы, орналасу ерекшеліктері, ұлттық және жас-жыныстық құрамы салыстырылды. 1950–1980 жылдары қазақ халқының табиғи өсімі аймақтың этникалық құрамында айтарлықтай өзгерістерге себеп болды, ал орыс халқының саны табиғи кему және көші-қон арқылы азайды. Бұл кезең қазіргі шығыс өңірдің демографиялық құрылымын анықтауда маңызды рөл атқарды. Қазақстанның шығыс өңірі ұлттық құрамының ерекшелігі – аймақта қазақ және орыс ұлттарының басымдылықта болуында. 1950–1960 жылдардағы қазақтардың «демографиялық жарылыс» кезеңі осы өңірде аталған этностың табиғи өсімінің ұлғаюына әкеліп, шын мәнінде ХХ ғасырдың 50–80-жылдарында орын алған өзгерістердің триггеріне айналды. Орыс этносы санының азаюы табиғи кетудің және механикалық азаюдың нәтижесінде болды. Осы жылдар Шығыс Қазақстан облысының қазіргі демографиялық жағдайын қалыптастыруда маңызды кезең болды. Мақаланың өзектілігі – 1950–1980 жылдары орын алған демографиялық процестердің өңірдің демографиялық ахуалын анықтаудағы маңызды тарихи кезең ретінде демографиялық тенденцияларды зерттеуге негізделгенінде. Қазіргі таңда қалыптасып отырған демографиялық үрдістердің қайнары – осы 30 жылдықтың жемісі болды. 1950–1980 жылдары туған балалар қазіргі адам сапасы деңгейінде маңызды рөл атқарып, қазіргі ұлттық жас құрамын құрап, Қазақстанның шығыс өңірінің демографиялық дамуының айқын көрінісі болып отыр. Демографиялық процестердің аймақтың әлеуметтік және ұлттық дамуына тигізген әсерін зерттеу негізге алынды.