Abstract
Бұл мақала Қазақстан Республикасының теміржол инфрақұрылымын электрмен жабдықтау жүйелерінің қазіргі жағдайы қарастырылған. Сонымен қатар, тартылым қосалқы станциялар және инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тартылым емес тұтынушыларды электрмен жабдықтау жүйелері қарастырылады. Операциялық және статистикалық деректерді талдау салада бірқатар маңызды мәселелер пайда болғанын көрсетеді. Ең алдымен, жабдықтың физикалық және моральдық тозуының жоғарғы деңгейі назар аударады. Сонымен қатар, көлік жүйесінің дамуын тежейтін негізгі мәселелерге аса назар аударылған. Олар: электржабдықтың тозуы, желіні электрлендірудің жеткіліксіздігі, электр қуатын тұтынудың жоғарылауы. Мақалада тартылым үшін электрмен жабдықтау жүйелерін жаңарту бойынша шетелдік тәжірибелерді талдауға ерекше көңіл бөлінген. Теміржол саласына сандық технологиялар, жаңартылған энергия көздері мен энергия жинақтағыштардың бірігуі біршама ықпал ететіні зерттелді. Жүргізілген салыстырудың нәтижесінде теміржол инфрақұрылымының жұмысының сенімділігі мен энергия тиімділігінарттыруға болатынын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері қазіргі энергетикалық және технологиялық шешімдер арқылы еліміздің теміржол жүйесін электрмен жабдықтаудың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру бойынша практикалық ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.