Алматы қаласының таулы аймақтарындағы қауіпті табиғи процестер экологиялық туризм үшін қауіп факторы ретінде

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2026.88.2.008
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада Қазақстанның жетекші туристік аймақтарының бірі болып табылатын Алматы қаласындағы экологиялық туризмнің дамуына табиғи апаттардың әсері қарастырылады. Таулы аймақтарда туризмнің қарқынды дамуымен туристік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және табиғи ресурстарды тұрақты пайдаланудың маңыздылығы айтарлықтай артып келеді. Бұл зерттеудің мақсаты – Іле Алатауы аймағына тән табиғи тәуекелдерді талдау және олардың инфрақұрылым мен рекреациялық нысандарға әсерін бағалау. Зерттеудің әдіснамалық негізі ғылыми әдебиеттерді және статистикалық деректерді талдауға негізделген. 1966 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңдегі сел, қар көшкіні және су тасқыны туралы деректер қарастырылып, олардың кеңістіктік және уақыттық таралуындағы заңдылықтары анықталды. Туризмге қатты әсер ететін қауіпті үдерістер ретінде сел, қар көшкіні, су тасқыны, көшкін және тас құлау екені анықталды. Ең осал аймақтарға – Кіші Алматы, Үлкен Алматы, Талғар, Қарғалы және Ақсай өзен бассейндері. Бұл аумақтарда туристік ағынның артуы төтенше жағдайлардың туындау ықтималдығын күшейтіп, табиғи ортаға түсетін жүктемені арттыратыны анықталды. Зерттеу мониторинг, болжау және заманауи ақпараттық-коммуникациялық ескерту жүйелерін енгізуді қоса алғанда, кешенді табиғи тәуекелдерді басқару қажеттілігін негіздейді. Қауіпсіз туристік маршруттарды әзірлеудің және туристердің хабардарлығын арттырудың маңыздылығы атап өтіледі. Зерттеудің практикалық маңыздылығы тәуекелдерді бағалау және қауіпсіздік бойынша ұсыныстар әзірлеуде, осылайша Қазақстанның таулы аймақтарында экотуризмнің тұрақты дамуына ықпал етуде жатыр. Зерттеу нәтижелері табиғи қауіптердің туристік қызметке тікелей әсер ететінін және оларды алдын ала бағалау мен басқару экотуризмнің қауіпсіз дамуының негізгі шарты екенін көрсетеді.