XVI ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ-XVII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ-ОРЫСҚАТЫНАСТАРЫ

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53360/3107-0493-2025-3(5)-1
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдағы қазақ-орыс елшілік қатынастарының тарихы талданады. XVII ғасырда екі ел арасындағы сауда, дипломатиялық байланыстар өрістеді. Мәселені тың ұстанымдар ауқымында зерделеуде XVI-XVII ғасырлар Орыс мемлекетінің елшілік материалдарын бірегей дерек ретіндегі қолдану ерекше маңызға ие. Елшілік құжаттары Қазақ хандығы мен Ресей мемлекеті арасындағы байланыстардың дамуы мен үзілуі туралы құнды мәліметтер береді. Бұл мәселенің советтік кезеңде зерттелгеніне қарамастан оның әлі де болса терең әрі шынайы қарастырылуға тиіс қырларын ашудың маңызы зор. Зерттеудің мақсаты және міндеттері – XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастарының даму үрдісін талдау; XVI ғасырдың соңындағы қазақ-орыс қарым-қатынастарының ерекшеліктерін зерделеу; XVII ғасырдың басында қазақ-орыс қатынастарындағы уақытша тоқтауының себептерін анықтау; XVII ғасырдың соңында Қазақ хандығы мен Орыс мемлекеті арасындағы саяси және экономикалық байланыстарының қайта жандануын көрсету. Нәтижелер. Мақалада орыс елшілері есептерінің мәліметтері бойынша XVI ғ. соңы мен XVII ғасырдағы қазақ-бұхар қарым-қатынастарының бағытын, мәнін, саяси-тарихи маңызын, ерекшеліктері мен сипаты анықталды. Орыс дипломатиялық құжаттарындағы мәліметтер Орталық Азия аймағындағы геосаяси жағдайды, тарихи оқиғалардың шынайылығын айқындауға, жаңа ғылыми тұжырымдар мен қорытындылар жасауға, мүмкіндікті арттыратындығы дәйектелді. XVI ғасырдың соңынан XVII ғасырға дейінгі кезеңде Қазақ хандығы мен Орыс мемлекеті арасындағы қарым-қатынастар тұрақты және біркелкі сипатта болған жоқ. Екі елдің сыртқы саяси жағдайларының тікелей тәуелді болды. Тәуекел хан билігі кезінде орнатылған дипломатиялық байланыстар екі мемлекеттің арасындағы сауда және экономикалық қатынастардың қалыптасуына және дамуының негізін қалады. Бұл кезеңде екі тарап та өзара ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып, саяси күн тәртібінде өзара байланыстарды кеңейту мәселесі қойылды. Алайда, сыртқы және ішкі саяси факторлардың ықпалымен қарым-қатынастардың дамуы тұрақсыз сипатқа ие болып, кейбір кезеңдерде қазақ-орыс қарым-қатынастары үзіліп, қайта жанданып отырды. Қорытынды. XVI–XVII ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастарының дамуы екі елдің саяси мүдделері мен сыртқы жағдайларының өзара ықпалдасуы аясында қалыптасты және бұл үрдіс екі мемлекеттің саяси-экономикалық байланыстарын тереңдетуге бағытталған маңызды тарихи кезең ретінде қарастырылады. Аталға мәселенің зерттелуі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастарының тарихи сабақтастығын көрсете отырып, болашақта одан әрі дамуына үлесін тигізеді.