АСТЫҚ ЖӘНЕ ЕТ ДАЙЫНДАУ НАУҚАНДАРЫНЫҢ АУЫР САЛДАРЫ (ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫНДА 1920-1930 жж.)

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53360/3107-0493-2025-4(6)-5
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Шығыс Қазақстанда жүргізілген астық және ет дайындау науқанының жүзеге асырылуы және оның зардаптары архив құжаттары негізінде жан-жақты талданады. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы аграрлық саясаттының негізгі бөлігі ұжымдастыру, орталық биліктің азық-түлік дайындау жоспарын арттыру, мал тәркілеу деп қарастырылады. Мақалада Шығыс Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру кезіндегі орын алған астық және ет дайындау науқаныны және қуғын-сүргін мәселесі өзара сабақтастырыла талқыланып, бір жүйеге келтіріліп, жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан және жалпы адамзаттық идеясына үйлестіріле отырып зерттелді. Қазақстандағы аграрлық реформаның үрдістерін жан-жақты зерттеу негізінде оның тиімді және тиімсіз жақтары анықталды. Ауыл шаруашылығында жүргізілген астық және ет дайындау науқандарына талдау жасай отырып, аграрлық қатынастардың жаңа әлеуметтік-экономикалық мазмұнын айқындауға ұмтылыс жасалды. Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығын күйреуі, ет және астық дайындау науқандарындағы зардаптары, ауқатты шаруа қожалықтарын тәркілеу саясаты, күштеп ұжымдастыру және зорлап отырықшыландыру, шаруаларды кеңес органдарының «ұлтшыл», «бандит» жалаларымен жаппай қуғын-сүргінге ұшыратуы қазақ шаруаларын босқыншылыққа әкелді. Шығыс Қазақстанда орын алған астық және ет дайындаудың аса көлемді көрініс бергені және әсіресе көшпелі, жартылай көшпелі қазақ шаруалары өмірінде терең із қалдырған қасіретті жан-жақты талданган.