ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ТАРТЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53360/3107-0493-2025-2(4)-8
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Ғылыми мақалада XVII–XVIII ғасырларда Қазақ хандығы жеріне жасалған жоңғар шапқыншылықтарының барысы мен жекелеген көріністері талданады. Зерттеу барысында тарихи деректер, жаңа еңбектер мен зерттеулер, сондай-ақ ата-баба тарихына үңілген қарапайым азаматтардың жинаған мәліметтері негізінде жоңғар шапқыншылығына тақырыптық талдау жасалған. Жоңғар басқыншылығының себеп-салдары мен зардаптары әлі күнге дейін толық зерттеліп, толықтай анықтала қойған жоқ. Дегенмен, бұл мәселе бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпай, қазақ халқының тарихи жады мен азаматтық парызы тұрғысынан қарастырылып келеді. Зерттеуде жоңғар шапқыншылығының кезеңдері қамтылып, салыстырмалы талдау жасалған. Ғылыми әдебиеттерге шолу жүргізу арқылы зерттеушілер арасындағы пікір қайшылықтары көрсетіліп, алғашқы жазбалардан бастап кейінгі жаңа зерттеулерге дейін қысқаша тарихнамасы берілген. Көшпелі қоғам сыртқы агрессия жағдайына қарамастан, қалыпты өмір салтын сақтауға ұмтылғаны анықталады. Сонымен бірге қақтығыстардың мемлекеттік жүйенің қалыптасуы мен өзгеруіне әкелген ұзақ мерзімді салдары қарастырылып, сол кезеңдегі қолбасшылардың алдын алу шаралары, ұйымдастыру қадамдары және халықты ұйыстырудағы кемшіліктері сараланады. Зерттеудің мақсаты – жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақ хандығының негізгі проблемаларын кешенді түрде талдау және олардың қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік және мәдени трансформациясына ықпалын бағалау. Жоңғар шапқыншылығына қатысты жыл сайын жаңа деректер мен зерттеу нәтижелері жариялануда. Сол материалдарды жинақтап, салыстыра отырып жан-жақты қарастыру мақала зерттеу нысанына айналған.