АБАЙДЫҢ СЕМЕЙДЕГІ ҒҰЛАМАЛАР ОРТАСЫ МӘСЕЛЕСІНЕ (ШАҺАРДЫҢ ХІХ-ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ДІНИ-ҚОҒАМДЫҚ КЕЛБЕТІ ҚОЛЖАЗБА ЖӘНЕ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА)

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53360/3107-0493-2025-2(4)-1
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Семей қаласының тарихын пәнаралық зерттеулер негізінде қарастырудың маңызы өлкетанулық ізденістермен қоса артып келеді. Осы үрдістің қатарында қала тарихымен бірге мәдениет, дін, әдебиет, өнер, экономика салаларында қызмет еткен тұлғалардың өмірі жеке зерттеу нысандарына айналды. Ұмыт болған есімдер мен белгісіз қалған қоғам қайраткерлерінің болмысы мен мұрасын елге таныстыру, оларды ғылыми ортаға жеткізу ісі басты назарға алынды. Мақаланың негізгі мақсаты – Семейде сақталған қолжазбалар негізінде Абайдың заманындағы ғұламалардың жазба мұрасын сөйлетіп, ХІХ ғ. мен ХХ ғ. басындағы дін қайраткерлері жайлы, олардың діндарлығына қатысты жаңа ойларды ғылыми ортаға ұсыну. Семейдегі мұсылман қауымының тарихнамасын қарастыру ісінде татар халқы өкілдерінің діни және қоғамдық қызметтерін зерттеу үлкен үлес қосады. 2023 ж. Семейдің Ескі мұсылман қорымынан табылған Риза хазіреттің қабіртасы оның тұлғасын зерттеуге деген ізденістерді арттырып, жергілікті зиялы қауым арасында қызығушылық пен ғылыми пікірталас туғызды. Риза хазірет ибн Уәлидтің (1810–1876) тұлғасына қатысты деректерді топтап, оның өңірдегі қызметін саралай келе, Семейдің сол кездегі діни-қоғамдық келбетін жандандыру осы мақаланың өзектілігін ашуға негіз болды. Сондай-ақ Семейдің көне мешіттеріне архив материалдары негізінде тарихи-салыстырмалы талдау жүргізіліп, олардың қала аумағындағы атаулары қарастырылды. Нәтижесінде Риза хазіреттің медресесіне қатысты деректер мен Семейдің ХІХ–ХХ ғ. басындағы рухани-мәдени келбетін ашатын кейбір материалдарға талқылау жүргізілді.