ПАТШАЛЫҚ ӨКІМЕТТІҢ ҚҰПИЯ ПОЛИЦИЯСЫ ҚҰЖАТТАРЫНДАҒЫ Ш. ҚОСШЫҒҰЛҰЛЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЙНЕСІ

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53360/3107-0493-2026-2(8)-6
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті тұлғасы, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Шәймерден Қосшығұлұлының қоғамдық-саяси қызметі жаңа архивтік деректер негізінде кешенді түрде талданады. Зерттеудің негізгі өзегі — патшалық өкіметтің құпия полициясы мен жандармерия басқармасының құжаттарындағы қайраткердің тұлғалық бейнесін және оның империялық жүйеге тигізген саяси әсерін қайта жаңғырту болып табылады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы бұрын ғылыми айналымға түспеген немесе аз зерттелген архивтік істерді саралау арқылы Ш. Қосшығұлұлының діни-ағартушылық бастамалары мен саяси күресінің өзара сабақтастығын дәлелдеуінде. Автор колониалдық әкімшіліктің қайраткердің әрбір қадамын, әсіресе халықты ағартуға бағытталған үндеулерін «панисламизм» және «мемлекетке қауіпті әрекет» ретінде қарастыруының объективті және субъективті себептерін ашады. Зерттеу барысында Ш. Қосшығұлұлының Ресей империясының мұсылман халықтарының саяси құқықтарын қорғаудағы ролі мен оның Алаш қозғалысының қалыптасу кезеңіндегі идеологиялық үлесі айқындалды. Авторлардың қосқан дербес үлесі — патшалық цензура мен құпия бақылау құжаттарының астарындағы шынайы тарихи ақиқатты саралап, тұлғаның мемлекеттік деңгейдегі саяси салмағын негіздеуі. Мақаланың қорытынды бөлімінде Ш. Қосшығұлұлының қызметі тек діни қайраткерлікпен шектелмей, қазақ қоғамының саяси оянуына түрткі болған жүйелі процесс екендігі туралы тұжырым жасалады. Осы зерттеу нәтижелері ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының күрес тарихын тереңірек түсінуге, отарлық саясаттың механизмін зерттеуге және ұлттық тарихнаманы тың деректермен байытуға жол ашады. Сонымен қатар, бұл жұмыс тарихи тұлғатану бағытын жаңа архивтік құжаттармен толықтыра түседі.