СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ТАЛДАУ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.009
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада жоғары оқу орындарына жасанды интеллект құралдарын енгізу мәселесі және студенттердің оқу мотивациясына ықпалы қарастырылады. Цифрлық жаңғыру академиялық кеңістіктің мазмұнын өзгеше пайымдауға, дәстүрлі оқыту тәсілдерін заманауи интеллектуалды жүйелермен ұштастыруға жол ашып отыр. Аталмыш бағытта жасанды интеллект білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеретін, тапсырманы бейімдейтін, жедел кері байланыс беретін әрі пәнге қызығушылықты күшейтетін пәрменді құрал ретінде айрықша маңызға ие.Зерттеудің мақсаты – студенттердің оқу мотивациясын қалыптастырудағы жасанды интеллекттің педагогикалық әлеуетін ашу және оны жоғары мектеп тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктерін бағалау. Осынау мақсатта отандық және шетелдік ғылыми еңбектер сараланып, интеллектуалды жүйелердің академиялық ортадағы қызметі, қолданылу аясы, студент белсенділігіне әсер ететін тетіктері талданып қарастырылды. Ғылыми деректерді зерделеу студентті дайын мәліметті қабылдаушы деңгейінде қалдырмай, дербес ізденіске жетелейтінін, нәтижені саналы бағалауға және пән мазмұнымен терең байланыс орнатуға әсер ететінін дәлелдеді.Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект мүмкіндіктерін жоғары білім кеңістігінде ұтымды әрі жауапты қолдану қажеттігін айқындайды. Жұмыста ұсынылған түйінді тұжырымдар педагогикалық мәнін нақтылауға, оқу тәжірибе-сіндегі орнын байыпты бағалауға және кейінгі ғылыми ізденістерге бағыт беруге негіз қалайды.