МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА STEM-БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ЕНГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.028
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

STEM-білім беруде жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану қазіргі таңда ғылыми қауымдастық пен практик-мамандар үшін аса өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр. ЖИ оқыту мен үйрену процесін жекелендіруге, білім алушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, сонымен қатар педагогтерге тиімді әдістемелік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Алайда, мектепке дейінгі ұйымдарда STEM-білім беруде ЖИ пайдалануға арналған зерттеулер саны шектеулі болып қала беруде. Әдіснамасы мен әдістері.Зерттеу Scopus деректер қорында индекстелген ғылыми мақалаларға жүйелі шолу жасауға негізделді. Әдебиеттерді іріктеу барысында мектепке дейінгі ұйымдардағы STEM-білім беру саласында ЖИ қолдануға қатысты зерттеулер қарастырылды. Жүйелі талдау әдісі зерттеулердің негізгі бағыттарын, артықшылықтарын және шектеулерін анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижелер. Жүргізілген талдау мектепке дейінгі ұйымдарда STEM-білім беруде ЖИ қолданудың бірқатар артықшылықтарын айқындады. Атап айтқанда, ЖИ технологиялары білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту процесін жекелендіруге, олардың шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, педагогтер үшін сабақ мазмұнын жоспарлау, білімді бағалау және диагностикалау үдерістерінде қолдау көрсететіні анықталды. Дегенмен, зерттеулерЖИ қолданудың әдіснамалық негіздерінің жеткіліксіздігі мен тәжірибелік қолдану аясының шектеулігін де көрсетті. Ғылыми жаңалығы.Зерттеу мектепке дейінгі білім беру жүйесінде STEM-білім беруде ЖИ қолданудың өзекті ғылыми-тәжірибелік мәселелерін айқындап, болашақ зерттеулерге бағыт береді. Жүйелі шолу арқылы ЖИ-дің оқыту сапасын арттырудағы мүмкіндіктері теориялық тұрғыда негізделді. Практикалық маңыздылығы.Мақала нәтижелері мектепке дейінгі ұйымдарда ЖИ технологияларын тиімді енгізуге арналған ұсыныстардықалыптастыруға негіз болады. Бұл педагогтер үшін заманауи әдістемелік құралдарды пайдалануға, білім беру процесінің сапасын жетілдіруге және балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.