БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.90.2.013
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің академиялық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері мен эмпирикалық зерттеу нәтижелері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде кәсіби құзыретті, зерттеушілік қабілеті жоғары, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуеті дамыған мұғалімдерді даярлау қажеттілігімен анықталады. Академиялық дарындылық болашақ педагогтің ғылыми-танымдық белсенділігімен, кәсіби білімді терең меңгеруімен, шығармашылық ойлауымен және педагогикалық мәселелерді шешудегі дербестігімен сипатталатын кешенді қасиет ретінде қарастырылған.Зерттеу барысында теориялық және эмпирикалық әдістер қолданылды. Эмпирикалық бөлімде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 135 студенті қамтылып, эксперименттік және бақылау топтары бойынша салыстырмалы талдау жүргізілді. Академиялық дарындылықтың когнитивті-әдістемелік, креативтілік, тұлғалық-мотивациялық және кәсіби білім компоненттері негізінде диагностикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижелері Манн–Уитни критерийі арқылы статистикалық өңделіп, эксперименттік топтағы оң өзгерістердің мәнділігі дәлелденді.Зерттеу нәтижелері арнайы әзірленген білім беру бағдарламаларыныңболашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің академиялық дарындылығын дамытуға тиімді ықпал ететінін көрсетті. Эксперименттік топта кәсіби білім, мотива-ция, шығармашылық қабілет және педагогикалық рефлексия көрсеткіштері айтарлықтай жоғарылаған. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесінде «академиялық дарындылық» ұғымына авторлық анықтама беріліп, оны дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар дайындалды. Мақала педагогикалық жоғары оқу орындарында дарынды студенттерді анықтау, қолдау және кәсіби тұрғыдан дамыту жүйесін жетілдіруге бағытталған ғылыми-әдістемелік негіздерді ұсынады.