Студенттердің психологиялық парасаттылығы мен тұлғалық қасиеттерінің өзара байланысы

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.87.2.008
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі жоғары білім беру кеңістігінде студент тұлғасының психологиялық ресурстарын, әсіресе оның өзін-өзі тану, рефлексия және эмоциялық реттеу қабілеттерін зерттеу маңызды ғылыми бағыттардың бірі болып табылады. Осы тұрғыда ұсынылып отырған зерттеу студенттердің психологиялық парасаттылығы мен тұлғалық қасиеттері арасындағы өзара байланысты эмпирикалық тұрғыда анықтауға бағытталған. Психологиялық парасаттылық тұлғаның ішкі психикалық процестерін түсінуі, өз тәжірибесін саналы талдауы және мінез-құлқының себеп-салдарлық байланыстарын ұғыну қабілеті ретінде қарастырылады.Зерттеуге Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-2 курсында білім алатын 266 студент ерікті түрде қатысты. Зерттеу барысында Psychological Mindedness Scale(Conte және т.б.) және «Үлкен бестік» тұлғалық сауалнамасы қолданылды. Айнымалылар арасындағы өзара байланыстарды анықтау үшін Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті пайдаланылды, ал мамандықтар арасындағы айырмашылықтарды бағалау үшін топаралық салыстырмалы талдау жүргізілді. Статистикалық өңдеу SPSS бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды.Зерттеу нәтижелері психологиялық парасаттылықтың адалдық пен тәжірибеге ашықтық сияқты тұлғаның жағымды қасиеттерімен тұрақты оң байланысқа ие екенін көрсетті. Сонымен қатар, нейротизм психологиялық парасаттылықтың жекелеген рефлексиялық компоненттерімен теріс байланыс байқатты. Мамандықтар бойынша салыстыру нәтижесінде педагогика және психо-логия мен мектепке дейінгі тәрбие мамандықтары арасында психологиялық парасаттылық деңгейінде статистикалық мәнді айырмашылық анықталды.Алынған нәтижелер психологиялық парасаттылықтың көпөлшемді, интегративті психологиялық құрылым екенін дәлелдейді және оның тұлғалық жетілу, эмоциялық тұрақтылық пен әлеуметтік тиімділікпен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Зерттеу қорытындылары студент жастардың тұлғалық дамуын қолдауға бағыт-талған психологиялық бағдарламаларды әзірлеуде теориялық және практикалықмаңызға ие.