АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН(1937-1938 жж.) САНДЫҚ МОДЕЛЬДЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.89.2.016
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада 1937-1938 жылдардағы Алматы қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбан-дарының әлеуметтік келбетін зерттеудегі заманауи сандық технологияларының рөлі кешенді түрде қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – сандық тарих (Digital Histary) құралдарын пайдалана отырып, репрессия құрбандарының мәліметтерін жүйелеу және олардың әлеуметтік панорамасын сандық моделдеуді жүзеге асыру болып табылады. Автор архивтік құжаттарды формализациялау, реляциялық деректер базасын құру және ГИС – технологиялар арқылы, «террор топографиясын» жасаудың метологиялық алгоритмдерін ұсынады. Зерттеу нәтижесінде саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеудің пәнаралық инновациялық моделі ғылыми тұрғыдан негізделген. Алматы қаласы ХХ ғасырдың отызыншы жылдарына қазақ зиялылардың ең көп шоғырланған орталығы болды.Сондықтан бұл аймақтағы репрессиялардың өзіндік ерекшеліктерін сандық форматта зерделеудің маңызы зор. Зерттеу барысында ҚазақстанРеспубликася Президентінің Архиві, Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архиві, ҰҚК мен ПМ арнайы мұрағаттарындағы құжаттар кешені пайдаланылды. Атап айтқанда, No141, No708, No1146 қорлар материалдары мен «Азалы кітап» қорлар материалдары мен «Азалы кітап» мәліметтерінегізге алынды. Сонымен қатар, 2021-2023 жылдары жарық көрген 50 томдық құжаттар жинағы деректік базаны сапалы толықтырды. Сонымен қатар, мақалада тарихи жадыны сақтаудың цифрлық платформаларын құрудың теориялық және практикалық негіздері халықаралық тәжірибемен салыстырыла отырып таңданған. Сондай-ақ, мақалада НКВД органдарының тергеу әдістері мен «үштіктер» (тройка) қызметінің саяси астарына цифрлық талдау жасалып, олардың заңсыз әрекеттері әшкереленді. Бұл тарихи әділдікті қалпына келтірудің маңызды құралы. Осылайша, зерттеу жұмысы Отандық тарихнамадағы цифрлық жүйелеу арқылы мәселені негіздейді.