ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2026.89.2.015
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргібілім беру жүйесіндегі цифрландыру және оқушының танымдық белсенділігін арттыру қажеттілігі геймификацияны оқыту үдерісіне енгізуді өзекті етеді. Зерттеу барысында геймификация ұғымының мәні, оның педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері және тарих сабағында қолдану мүмкіндіктері талданады. Осы тұрғыда геймификация – оқу үдерісіне ойын элементтерін енгізу арқылы оқытуды нәтижелі ететін заманауи педагогикалық тәсіл ретінде сипатталады. Зерттеудің мақсаты – орта мектептің тарих пәнін оқытуда геймификация элементтерін қолданудың әдістемелік негіздерін айқындау және олардың оқушылардың танымдық белсенділігін, тарихи ойлау дағдыларын дамытудағы тиімділігін ғылыми тұрғыда дәлелдеу. Зерттеу барысында геймификация элементтерін қолдану оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін арттыратыны анықталды. Сонымен қатар, тарих пәніне деген қызығушылықтың жоғарылауы, ақпаратты есте сақтау қабілетінің жақсаруы және сыни ойлау дағдыларының дамуы байқалды. Ойын әдістері арқылы күрделі тарихи оқиғаларды меңгеру жеңілдеп, оқушылардың материалды терең түсінуіне мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, топтық жұмыстар мен жарыс элементтері оқушылардың коммуникациялық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, геймификация технологияларын жүйелі қолдану тарих сабағының сапасын арттырып қанақоймай, оқушылардың өзіндік оқу әрекетін белсендіруге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері тарих пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар жүйесін қалыптастыруға бағытталған.