ТҮРКІСТАН САММИТІ: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ МӘДЕНИ ДИПЛОМАТИЯСЫ МЕН САЯСИ ЫҚПАЛЫ

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2026.94.2.011
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Түркі мемлекеттері ұйымының мәдени бірлікті саяси ықпалға айналдырудағы институционалдық рӛлі 2026 жылғы Түркістан бейресми саммиті мысалында талданады. Зерттеудің мақсаты –түркі халықтарының ортақ тарихи-мәдени коды, Түркістанның түркі әлемінің рухани астанасы ретіндегі символдық мәртебесі және жасанды интеллект пен цифрлық даму күн тәртібі арасындағы байланысты саяси ғылым тұрғысынан түсіндіру. Материалдар мен әдістер ретінде сапалық құжаттық талдау, салыстырмалы-институционалдық тәсіл және конструктивистік интерпретация қолданылды; негізгі корпусқа Түркі мемлекеттері ұйымының ресми хабарламалары, Түркістан декларациясы, стратегиялық құжаттар және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің материалдары енгізілді. Нәтижелер мәденибірлік ТМҰ кеңістігінде тек символдық ресурс емес, күн тәртібін қалыптастыру, дипломатиялық үйлестіру, цифрлық жобаларды іске қосу және ортақ институционалдық тіл қалыптастыру құралына айналып келе жатқанын кӛрсетеді. Талқылау барысында ТМҰ-ны әскери-саяси блок ретінде емес, мәдени легитимацияға сүйенген кӛпсалалы аймақтық координация институты ретінде қарастыру қажеттігі негізделеді. Қорытындыда Түркістан саммиті тарихи мұра мен технологиялық болашақты бір саяси дискурста тоғыстырып, ұйымның ықпал ету әлеуетін кеңейткен жаңа кезең ретінде бағаланады. Бұл тұжырым ұйымды қазіргі еуразиялық аймақтық саясаттағы жұмсақ ықпал тетігі ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді.