ҚЫТАЙДЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИПЛОМАТИЯСЫ: C5+CHINA ФОРМАТЫ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2026.94.2.012
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Қытай Халық Республикасының Орталық Азия елдерімен жүргізіп отырған экономикалық дипломатиясы аймақтық ынтымақтастық, геоэкономикалық өзара тәуелділік және C5+China форматы аясында кешенді түрде талданады. Зерттеудің мақсаты –Қытайдың Орталық Азиядағы экономикалық дипломатиясының негізгі құралдарын, институционалдық тетіктерін және аймақ мемлекеттеріне тигізетін сараланған ықпалын анықтау. Зерттеудің әдіснамалық негізін салыстырмалы-институционалдық талдау, құрылымдық-функционалдық тәсіл, құжаттық деректерді мазмұндық талдау және 2013–2025 жылдар аралығындағы екінші реттік статистикалық материалдарды интерпретациялау құрайды. Зерттеу нәтижелері Қытайдың аймақтағы экономикалық дипломатиясы төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылатынын көрсетті: сауда-логистикалық байланыстылықты кеңейту, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту, энергетикалық және ресурстық әріптестікті нығайту, сондай-ақ көпжақты институционалдық форматтарды ілгерілету. Талдау барысында Қазақстанның Қытай үшін маңызды транзиттік және индустриялық серіктес рөлін атқаратыны, Өзбекстанның өндірістік кооперацияны дамытудағы стратегиялық алаңға айналғаны, Түрікменстанның энергетикалық бағыттағы негізгі әріптес екені анықталды. Ал Қырғызстан мен Тәжікстан инфрақұрылымдық даму мен қаржыландыруға тәуелділігі жоғары мемлекеттер ретінде сипатталады. Сонымен қатар, зерттеу Қытайдың экономикалық дипломатиясы аймақ елдерінің сыртқы экономикалық стратегияларына және өңірлік интеграциялық үдерістерге елеулі ықпал ететінін көрсетеді. Мақаланың ғылыми жаңалығы C5+China форматын тек «Бір белдеу, бір жол» бастамасының қосымша алаңы ретінде емес, Орталық Азия мемлекеттерінің келіссөздік мүмкіндіктерін күшейтетін және асимметриялық өзара тәуелділікті басқаруға мүмкіндік беретін дербес аймақтық экономикалық дипломатия механизмі ретінде қарастыруында көрінеді.