ӘСКЕРИ ІСТЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2026.64.2.001
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала жасанды интеллекттің (ЖИ) даму үдерістерін талдауға және оны әскери істе қолданудың халықаралық тәжірибесін кешенді зерттеуге арналған. Қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінде, сондай-ақ жетекші шет мемлекеттердің Қарулы Күштері тәжірибесінде жасанды интеллект технологияларын енгізудің негізгі бағыттары қарастырылды. Әсіресе барлау, басқару жүйелері, ұшқышсыз аппараттар, киберқауіпсіздік, логистикалық қамтамасыз ету және жауынгерлік шешім қабылдау процестеріндегі ЖИ-дің рөліне ерекше назар аударылды.Соңғы онжылдықтарда жасанды интеллект заманауи соғыс жүргізу әдістерінде берік орын алып, әскери операциялардың сипатын түбегейлі өзгертуге ықпал етуде. Болашақ соғыстар мен әскери қақтығыстардың ықтимал бейнесі қарулы күштерді қолдану нысандары мен тәсілдеріндегі өзгерістердің ғылыми-техникалық прогреспен тікелей байланысты екенін көрсетеді. Геосаяси факторлармен қатар, жаңа буын қару-жарақ жүйелерін әзірлеу, автоматтандырылған басқару кешендерін жетілдіру және деректерді жедел өңдеу технологияларын дамыту шешуші мәнге ие болуда.Жетекші технологиялық мемлекеттердің тәжірибесі ЖИ-ді қолдану ақпараттың ауқымды көлемін талдау, қауіп-қатерлерді алдын ала болжау, операциялық шешімдерді жылдам әрі дәл қабылдау мүмкіндігін арттыратынын дәлелдейді. Сонымен қатар, ЖИ әскери қызметшілердің өмірін сақтауға, адам факторына тәуелділікті азайтуға және басқару тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.Мақалада шетелдік тәжірибе негізінде жасанды интеллектті әскери басқару жүйелеріне интеграциялау тетіктері, цифрлық трансформация жағдайындағы әскер құрылымдарының бейімделу ерекшеліктері және әскери кадрларды даярлау мәселелері талданады. Сондай-ақ автономды жүйелердің даму перспективасы, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, киберқауіптерге қарсы іс-қимыл және халықаралық құқық нормаларына сәйкестік мәселелері қарастырылады.Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект технологияларын тиімді әрі жауапты түрде енгізу ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың, әскери әлеуетті арттырудың және заманауи қауіп-қатерлерге уақтылы әрекет етудің маңызды факторы екенін көрсетеді. Осыған байланысты ЖИ-ді әскери салада қолданудың стратегиялық маңызы мен оны реттеудің институционалдық негіздерін жетілдіру қажеттілігі негізделеді.