Вестник ЗКУ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2026.102(2).38
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

МҰРАТСАЙ СУ ҚОЙМАСЫ СУЫНДАҒЫ АНТИБИОТИКТЕРГЕ ТӨЗІМДІ БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ТАРАЛУЫН ТАЛДАУАңдатпа.Су экожүйелеріндегі микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі қазіргі заманның ең өзекті экологиялық əрі медико-биологиялық мəселелерінің бірі болып табылады.Су ортасы антибиотиктерге төзімді бактериялардың жинақталуы мен таралуы үшін маңызды резервуар қызметін атқарады, бұл медицинада, мал шаруашылығында жəне ауыл шаруашылығында антибактериялық препараттардың қарқынды қолданылуымен байланысты.Аталған зерттеудің мақсаты Батыс Қазақстан облысындағы Мұратсай су қоймасы суында антибиотикке төзімді бактериялардың таралу деңгейін жəне олардың биологиялық қасиеттерін бағалау болды.Су сынамалары су айдынының беткі қабатынан жəне тереңдігінен, антропогендік əсері ең жоғары аймақтарда алынды.Бактериологиялық талдау микроорганизмдерді Луриа-Бертани қоректік ортасында өсіруді, морфологиялық жəне физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін зерттеуді, сондай-ақ бөлінген штаммдардың антибиотиктерге сезімталдығын дискті-диффузиялық əдіспен анықтауды қамтыды.Молекулалық-генетикалық зерттеулерге жарамдылығын растау мақсатында тотальды ДНҚ экстракциясы жүргізіліп, гель-электрофорез əдісімен визуализацияланды.Зерттеу нəтижесінде грамтеріс, қозғалғыш, оксидазаға оң, мезофильді типке жататын, β-лактамды антибиотиктердің бірқатарына төзімді жəне көп дəріге төзімділік белгілеріне ие бактериялар бөлініп алынды.Ең тиімді препараттар ретінде хинолондар мен амфениколдар анықталса, пенициллиндер мен цефалоспориндер төмен белсенділік көрсетті.Алынған деректер су қоймасына антропогендік ықпалдың айтарлықтай екенін көрсетеді жəне жерүсті суларында антибиотикке төзімді бактерияларды тұрақты түрде бақылау жүргізудің қажеттілігін айқындайды.