Вестник ЗКУ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2026.102(2).57
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

ТАТАР ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ФОЛЬКЛОРЫ МЕН ҒҰРЫПТАРЫН ЗЕРТТЕУ МƏСЕЛЕЛЕРІАңдатпа.Бұл мақалада татар халқының музыкалық фольклоры мен салт-дəстүрлері этномузыкалық жəне этнографиялық тұрғыдан қарастырылады.Зерттеудің негізгі мақсатытатар музыкалық мəдениетінің жанрлық ерекшеліктерін анықтап, оның түркі халықтарының, əсіресе қазақ жəне ноғай халықтарының дəстүрлі музыкалық мұрасымен байланысын салыстырмалы əдіс арқылы талдау.Зерттеу барысында тарихи-этнографиялық деректер, музыкалық-фольклорлық материалдар жəне экспедициялық жазбалар пайдаланылды.Мақалада татарлардың тұрмыс-салт жырлары, жоқтау дəстүрлері, бесік жырлары, балалар əндері, тақмақтар, сондай-ақ үйлену жəне жерлеу рəсімдеріндегі музыкалық үлгілер талданады.Сонымен қатар Астрахань татарларының музыкалық фольклоры, олардың диалектілік ерекшеліктері мен ноғай-қыпшақ мəдени кеңістігімен байланысы қарастырылады.Зерттеу барысында татар əуендерінің поэтикалық-музыкалық құрылымы, ладтық жəне ырғақтық ерекшеліктері, орындаушылық дəстүрлері мен импровизациялық сипаты сипатталады.Еңбекте татар хореографиялық фольклоры да қарастырылып, «Кияусы», «Акчатыр» сияқты ғұрыптық билердің мазмұны, құрылымы жəне əлеуметтік-мəдени қызметі талданады.Сонымен қатар мерекелік дəстүрлер, ұлттық тағамдар, шай ішу мəдениеті, үйлену рəсімдері жəне диаспора жағдайында сақталған этномəдени тəжірибелер сипатталады.Зерттеу нəтижесінде татар музыкалық фольклорының көне қабаттары салт-дəстүрлік рəсімдерде сақталғаны жəне оның түркі халықтарының ортақ мəдени негізімен тығыз байланыста дамығаны анықталды.Сондай-ақ қазіргі жаһандану жағдайында татар музыкалық жəне хореографиялық мұрасын сақтау, жүйелеу жəне ғылыми тұрғыдан зерттеу этномузыкатану ғылымының маңызды бағыттарының бірі екендігі көрсетілді.Сонымен, татар этностарының музыкалық фольклоры халықтың тарихи жолын, дəстүрін, дүниетанымын көрсететін маңызды мəдени мұра болып табылады.Оны зерттеу ұлттық бірегейлік пен мəдениетаралық байланыстардың қалыптасу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.Сонымен бірге, бұл дəстүрлерді сақтау жүйелі зерттеуді, мəдени бастамаларды қолдауды, білімді жаңа ұрпаққа жеткізуді қажет етеді.