Abstract
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ƏСКЕРИ ЖƏНЕ АЗАМАТТЫҚ ОТАРЛАНУ ТАРИХЫНАНАңдатпа.Мақалада Солтүстік Қазақстан аумағындағы əскери жəне азаматтық отарлау үдерістерінің тарихи динамикасы мен олардың аймақтың этнодемографиялық құрылымына ықпалы кешенді түрде қарастырылады.Зерттеу Ресей империясының қазақ даласын игерудегі стратегиялық тəсілдерін талдауға негізделіп, отарлау саясатының екі негізгі бағытынəскериказактік экспансия мен шаруаларды қоныстандыру арқылы жүзеге асқан аграрлық отарлауды өзара сабақтастықта зерделейді.Авторлар əскери бекіністердің, шептік жүйелердің жəне казак станицаларының құрылуы империялық биліктің əкімшілік-институционалдық орнығуының басты құралы болғанын көрсетеді.Ал XIX ғасырдың соңы -XX ғасырдың басындағы жаппай қоныс аудару саясаты Солтүстік Қазақстанның этникалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, аймақты полиэтникалық кеңістікке айналдырды.Зерттеуде 1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағының материалдары, Ақмола облысының статистикалық шолулары, Ф. Щербина экспедициясының деректері мен архивтік құжаттар кеңінен пайдаланылып, халық санының динамикасы, этникалық құрамдағы өзгерістер жəне қоныс аудару ауқымы талданады.Сонымен қатар, жер қатынастарының қайта бөлінуі, қазақтардың дəстүрлі көшпелі шаруашылығының дағдарысы жəне əлеуметтікэкономикалық трансформациялар мəселелері қарастырылады.Зерттеу нəтижелері Солтүстік Қазақстандағы отарлау үдерістерінің аймақтың тарихи дамуына ұзақ мерзімді ықпал еткенін айқындайды.