ҰЛТТЫҚ САНА ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ: ҚАЗАҚ ГРАФИКАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ІЗДЕНІСТЕР

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v11i2.1195
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасыр басындағы қазақ графикасы мен комикс жанрындағы ұлттық кодтың қалыптасу және трансформация үдерістерін зерттеуге арналған. Тақырыптың өзектілігі Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі кезеңде ұлттық бірегейлікті бейнелеудің визуалды стратегияларын түсіну қажеттілігімен айқындалады. Зерттеу фольклорлық және дастандық сюжеттердің дербес мәдени мәнге ие визуалды бейнелерге айналу тетіктерін анықтауға және олардың қазіргі қазақ комикс индустриясының дамуына әсерін талдауға бағытталған. Жұмыстың мақсаты – қазақстандық графика өнеріндегі ұлттық идеяны визуализациялаудың негізгі қағидаттарын анықтау және олардың 1960-шы жылдардағы кітап иллюстрациясынан қазіргі комикстерге дейінгі эволюциясын кезеңдеу. Осы мақсатқа сәйкес Евгений Сидоркин, Исатай Исабаев, Медат Кагаровтың көркемдік әдістерін салыстырмалы талдау, Батухан Баймен мен Расылбек Естемесовтің шығармашылық стратегияларын зерделеу, фольклорлық мұраны өзектендірудегі комикстің рөлін анықтау және аталмыш құбылыстардың заманауи мәдени кеңістікте ұлттық бірегейліктің визуалды кодын қалыптастыруға қосқан үлесін бағалау міндеттері шешіледі. Зерттеу әдіснамалық негіз ретінде салыстырмалы-тарихи, иконографиялық және семиотикалық тәсілдерді қамтитын кешенді өнертану талдауына сүйенеді. «Қарама-қайшы инверсия» теориясы мен экфрасис тұжырымдамасын қолдану иллюстрацияның дербес нарративке айналу механизмдерін анықтауға мүмкіндік берді. Мақалада ұлттық кодты визуализациялаудың үш негізгі қағидаты айқындалды: «Мәңгілік» қағидаты (Евгений Сидоркиннің философиялық интерпретациясы); архетип қағидаты (ұжымдық бейсаналыққа үндеу); символдық метафора қағидаты (Медат Кағаровта баяндаудың символдық-рәміздік пішіндермен алмастырылуы). Батухан Байменнің шығармашылығында линогравюра техникасының жаңаша жаңғыртылу жолдары айқындалса, қазіргі қазақстандық комикстерде (Мәдібек Мұсабеков, Жақып Оразхан, Магира Тлеубердина) фольклорлық сюжеттердің глокализация форматында бейімделу үрдісі байқалады. Алынған нәтижелер «қарама-қайшы инверсия» туралы тезисті дәлелдей түседі. Осылайша, отандық графика өнері өзінің қайталанбас стилін қалыптастырып, онда ежелгі өрнектер (үңгір суреттері мен жартастағы бейнелер, сақтардың «аң стилі») табиғи түрде заманауи көркемдік тілмен үндестік тапты.