ТОБАИЗМ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ЕУРОПАЛЫҚ ЖӘНЕ РЕСЕЙЛІК КӨРКЕМДІК АҒЫМДАРМЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v11i2.1174
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада суретші Тоққожа Қожағұлов қалыптастырған «Тобаизм» тұжырымдамасы ХХ ғасырдағы Еуропа және Ресей көркемдік ағымдарымен (символизм, авангард, кубизм, сюрреализм) және ежелгі дүниетанымдық үлгілермен (тотемизм, даосизм) салыстырмалы түрде талданады. Зерттеудің мақсаты – Тобаизмді жай ғана стильдік тәсіл емес, рухани-мифологиялық және этикалық өзегі бар дербес көркем-философиялық жүйе ретінде негіздеу. Әдіснамалық негізді салыстырмалы-типологиялық, иконологиялық және мифопоэтикалық тәсілдер, сондай-ақ К.Г. Юнг пен М. Элиаденің теориялары құрайды. Талдау нәтижесінде Тобаизмнің басқа ағымдардан түбегейлі айырмашылықтары анықталды. Авангард өнердің сыртқы формасы мен тілін жаңартса, Тобаизм оның антропологиялық мәнін – адамның тектік жадпен байланысын қалпына келтіруді мақсат етеді. Сюрреализмдегі бейсаналық дағдылы әрекетке қарама-қарсы, мұндағы аян ұғымы саналы сергектікті талап етеді. Тұжырымдаманың бұл қағидаттары «МЕН», «Жырдың қызыл жолбарысы. Жамбыл», «Ер-Қарасай» туындыларында нақты көрініс тапқан. Зерттеу өнертану ғылымына ұлттық-мәдени дүниетанымға негізделген авторлық жүйелерді талдаудың жаңа әдіснамалық тәсілдерін енгізеді. Халықаралық деңгейде бұл жұмыс көшпелі мәдениет кодына негізделген өнер үлгілерін тереңірек түсінуге ықпал етіп, өнер тарихын жаһандық көпқырлы тұрғыдан қарастыруға жол ашады. Болашақ зерттеулер Тобаизмнің Орталық Азияның қазіргі заманғы өнер кеңістігіндегі өзге шығармашылық жүйелермен үндестігін зерделеуге бағытталған.