Заң шығару бастамашылығы: теория және практика мәселелері

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.63546/3005-2246.2026.14.2.003
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала заң шығару бастамашылығының конституциялық-құқықтық реттелуін талдап, заң шығармашылығы практикасында оның жүзеге асырылу жағдайын саралауға арналған. Мақалада заң шығару бастамашылығының мәні, заң шығармашылығының тиімділігін көтерудегі маңыздылығы анықталып, оны құқықтық реттеудің ерекшеліктеріне, тиісті субъектілердің заң шығару бастамашылығы құқықтарын жүзеге асыру практикасына талдау жасалды. Талдау мемлекеттің қарқынды өркендеп дамуы үшін қажетті заңдардың дер кезінде қабылданбауы немесе тіпті қабылданбауы жағдайларының орын алып жататынын, сапасы сын көтермейтін заңдардың қоғам салаларының дамуына тежеуіш фактор болатынын көрсетеді. Заң шығармашылығы практикасында мұндай жағымсыз жағдайларды туындатып отырған негізгі себептердің бірі – заң шығару бастамашылығының реттелу күйі, атап айтқанда, заң шығару бастамашылығы институтын реттеудің шала және толық емес болуы. Мақаланың мақсаты – заң шығару бастамашылығын құқықтық реттеуге кешенді сипаттама жасау және жаһандану жағдайында заң шығару бастамашылығы институтын жетілдіру туралы біртұтас идеяны қалыптастыру. Мақаланы жазуда ғылыми танымның әдіснамалық тәсілдері мен салыстырмалы-құқықтық әдістерінің кешені, оның ішінде ақпараттық, статистикалық және жүйелі талдау, формалды-заңи, қисындық, тарихи және абстракциялау әдістері қолданылды. Мақалада заң шығару бастамашылығының заң шығармашылығын жүзеге асырудағы орны анықталып, оның құқықтық реттелуі мен жүзеге асырылу практикасы қарастырылды. Тиісінше, заң шығару бастамашылығының маңызын және құқықтық реттелуін талдау нәтижесінде заң шығару бастамашылығы құқығы субъектілерінің аясын кеңейту, сондай-ақ депутаттардың осы құқықты пайдалану тетіктерін жетілдіру қажеттігі негізделді. Мақалада баяндалған тұжырымдар мен қорытындыларды заң шығармашылығы институтын оқытуда және заң шығармашылығының тиімділігін зерттеуде пайдалануға болады.