THE EFFECT OF MICROFERTILIZERS ON THE YIELD OF PROMISING LENTIL VARIETIES

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2026.v77.i2.339
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Жасымық дақылына қысқаша сипаттама беретін болсақ, жасымық (лат. Lens culinaris) – бұршақ тұқымдасына (Fabaceae) жататын біржылдық дәнді-бұршақ дақылы. Ол – аса құнды азық-түлік және мал азығы ретінде кеңінен өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының қатарына жатады. Тамақ өнеркәсібінде, жасымық жоғары тағамдық және биологиялық құндылығы бар дәнді бұршақ дақылы, сондықтан ол тамақ өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Тамақ өнеркәсібінде қолданылуының негізгі бағыттары: астықты өңдеу және жарма өнімдеріне, ұн және жартылай фабрикаттар өндірісіне, консерві және тез дайындалатын тағамдарға, өсімдік негізді ет және ақуыз өнімдеріне, диеталық және функционалды тағамдарға және медицинада, бояғыштар дайындауда кеңінен қолданылады. Жасымықтың мал азығы ретіндегі маңызы, жоғары ақуыздылығымен, жақсы қорытылуымен және биологиялық құндылығымен ерекшеленеді. Мал шаруашылығында жасымық дәні, сабаны, топаны және өңдеу қалдықтары түрінде пайдаланылады. Жасымық дақылының тұқымы: ірі тұқымды және ұсақ тұқымды болып екі түрге бөлінеді. Ботаникалық сипаттамасына қысқаша тоқталсақ, сабағы: тік, жіңішке, биіктігі 20–60 см, бұтақталған, жапырағы: кезектесіп орналасқан, жұп қауырсынды, ұшында мұртшасы бар, гүлі: майда, көбінесе ақ, көкшіл немесе күлгін түсті; жапырақ қолтығында 1–4-тен орналасады, жемісі: бұршаққап, дәннің пішіні жалпақ, ішінде 1–2 тұқым болады, тұқымы: домалақ не сәл жалпақ, түсі қоңыр, сары, жасыл немесе қызғылт-қоңыр, көлемі мен түсі сортына қарай өзгереді. Мақалада жасымық өнiмiнiң құрылымына себу тәсiлдерi мен мөлшерлерінің әсерiн зерттеу жөнiндегi ақпарат қамтылған. Қазіргі уақытта ғылымның алдына да, шаруашылықта да жасымықты жандандыру міндеті қойылған. Біздердің ғылыми зерттеулерімізде, жаңадан шығарылған, ірі тұқымды Шырайлы, Сакура сорттарымен, ұсақ тұқымды Крапинка сорты зерттелді. Зерттеулер нәтижесiнде жасымық дақылының Шырайлы сортының қатараралығы 30 см-де өнiмдiлiк 2024 жылы фосфобациринмен өңделген нұсқада 16,8 ц/га болса, 2025 жылы нитрагинмен өңделген нұсқада 17,4 ц/га болды. Бұл бақылау нұсқасымен салыстырғанда 5,2-5,5 ц жоғары екенін байқауға болады. Шырайлы сортының қатараралығын 15 см-де, өнімділік 2024 жылы фосфобациринмен өңделген нұсқада 14,2 ц/га болса, 2025 жылы нитрагинмен өңделген нұсқада 15,7 ц/га болды. Ал бақылау нұсқасы биологиялық тыңайтқыштар мен өңделген нұсқалармен салыстырғанда 5-5,6 ц төмен.