Мектеп білім алушылары мен педагогтерінің жасанды интеллектіні қабылдауын зерттеу бойынша сауалнаманың жекелеген нәтижелері

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-1-75-88
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы орта білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен педагогтердің жасанды интеллекті туралы хабардарлығын, қабылдауын және қолдану тәжірибесін зерттеу. Зерттеуге Қазақстандағы барлық өңірлерден, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан білім алушылар мен педагогтер қатысты. Білім алушылар мен педагогтерге арналған сауалнамаларды авторлар UNESCO-ның білім беру саласындағы жасанды интеллектке қатысты халықаралық құрылымдық құжаттарын және TAM, UTAUT модельдерінің концепцияларын ескере отырып даярлады. Сауалнаманың кейбір нәтижелері көрсеткендей, жалпы алғанда мектеп білім алушылары мен педагогтер білім беру саласында жасанды интеллект қолдану перспективаларын оң қабылдайды. Сонымен қатар жасанды интеллект құралдарына қолжетімділік, білім алушылар мен педагогтердің жасанды интеллект бойынша сауаттылық деңгейі, жасанды интеллект саласындағы білім мазмұны және орта білім беру жүйесінде осы технологияларды жауапты енгізу жағдайларына қатысты бірқатар мәселелер анықталды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығының бір дәлелі – Қазақстандағы орта білім беру ұйымдарының 38 809-нан астам білім алушылары мен педагогтерін қамтыған эмпирикалық деректерді жинақтау. Алынған нәтижелерді әрі қарай болашақ зерттеулерде, сондай-ақ жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологияларды білім беру тәжірибесіне енгізу барысында қолдануға болады.