ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІ: ПОСТКЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР (1991-2023 ЖЖ)

2026

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51943/2788-9718_2026_29_2_713-723
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Кіріспе. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қалалардың дамуында жаңа үрдістер қалыптаса бастады, бұл әсіресе әлеуметтік және демографиялық көрсеткіштерден айқын байқалады. Соңғы онжылдықта урбанизация үдерісінің жеделдеуі ірі қалалардың құрылымы мен қызметіне тікелей ықпал етті. Осы тұрғыдан алғанда, Шымкент қаласы посткеңестік кезеңдегі қалалық дамудың айқын көрінісі болып табылатын урбанистік орталықтардың бірі ретінде бағаланады. Мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - 1991-2023 жылдар аралығында Шымкент қаласы тұрғындарының күнделікті өмірінде орын алған өзгерістерді талдап, оларға әсер еткен әлеуметтік, демографиялық және урбанистік факторларды анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қалалық дамудың негізгі бағыттарын көрсету, көші-қон мен халық санының динамикасына қатысты ерекшеліктерді сипаттау, сондай-ақ тұрғындардың күнделікті тәжірибесіндегі өзгерістерді анықтау міндеттері белгіленді. Материалдар мен әдістер. Зерттеу деректері Түркістан облыстық мемлекеттік архивінің (ТОМА) құжаттары, ресми статистикалық мәліметтер және ғылыми жарияланымдар негізінде жиналды. Жұмыс барысында тарихи-салыстырмалы талдау, статистикалық өңдеу, контент-талдау және пәнаралық әдістер қолданылды. Нәтижелер. Зерттеу нәтижелері қаланың дамуына бірқатар факторлардың ықпал еткенін көрсетеді. 1990 жылдары тұрғындардың бейімделу тәжірибелері мен бейресми экономикалық қызмет түрлері кеңінен таралған болса, кейінгі кезеңде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы мен қалалық өмір салтының біртіндеп тұрақтануы байқалады. Халық санының өсуі табиғи өсім және көші-қон факторларының ықпалы нәтижесінде қалыптасты. Қорытынды. Шымкент қаласының посткеңестік кезеңдегі дамуын тұрғындардың күнделікті өміріндегі өзгерістер арқылы талдау, бейімделу мен трансформация үдерістерінің өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс қалалық дамуды микро деңгейде зерттеудің қажеттілігін көрсетеді.