ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ СӨЗДІК ҚОРЫ МЕН ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2026.81.2.036
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада сөйлеу тілі жалпы дамымаған мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтік сөйлеуін дамыту мәселесі қарастырылған. Аталған топтағы балаларда диалогтік қарым-қатынас дағдыларының жеткіліксіз қалыптасуы, олардың әлеуметтік өзара байланысына және оқу іс-әрекетіне кері әсер етеді. Қазақ халық ертегілерін сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларға диалогтік қарым-қатынас ретінде қолдану әлі ешқандай зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылмағандығымен ерекшеленеді. Халық ертегілері балаларға өмір туралы, адамгершілік туралы, жақсылық пен жамандық туралы терең мағыналарды үйрететін асыл қазына. Осы қасиеттерді балаға үйрету мақсатында диалогтік қарым-қатынас қолданылды. Зерттеудің мақсаты – қазақ халық ертегілеріне негізделген диалогтік оқу әдісінің сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың диалогтік сөйлеуін дамытудағы әсерін анықтау. Зерттеу барысында мектепке дейінгі ұйым жағдайында арнайы ұйымдастырылған диалогтік оқу жұмыстары жүргізілді. Оқу үдерісінде балалардың сөйлеу белсенділігі, сұрақ қою және жауап беру дағдылары, сондай-ақ өзара қарым-қатынас ерекшеліктері бақыланды. Деректерге сүйене келе, бірлескен кітап оқу мен диалогтік әрекет балалардың сөздік қорын, сөйлеу белсенділігін және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқаратындығы анықталды. Зерттеу нәтижелері диалогтік оқу әдісін жүйелі қолдану балалардың сөйлеу белсенділігін арттырып, олардың сөздік қорын кеңейтуге және сөйлем құрау дағдыларын жетілдіруге ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар, балалардың диалогтік қарым-қатынасқа түсу қабілеттерінде оң өзгерістер байқалды. Балаларда сұрақтарға жауап беру, өз ойын жеткізу, әңгімені жалғастыру қабілеттері айтарлықтай жақсарды. Сонымен қатар, қазақ халық ертегілерін қолдану балалардың қызығушылығын арттырып, оқу үдерісін мәдени-танымдық тұрғыдан байытты. Қазақ халық ертегілеріне негізделген диалогтік оқу әдісі сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың диалогтік сөйлеуін дамытуда тиімді педагогикалық құрал болып табылады деп қорытындылауға болады.